Қазақстан Парламенті Мәжілісінің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы Әмзебек Жолшыбеков Литва Республикасы Парламентінің депутаты Юстинас Каросаспен кездесті, деп хабарлады осы палатаның баспасөз қызметі.
Кездесуде сайлау науқанына қатысты мәселелер және Қазақстанның ішкі және сыртқы саясаттағы ұстанымы сөз болды. Еліміздегі этностардың татулығы, жарасым мен келісімі атап өтілді.
Қос мемлекет арасындағы парламентаралық байланысты дамыту жайы әңгімеленді. Айта кету керек, үстіміздегі жылы жазда Қазақстан парламентшілерінің Литва мен Латвияға сапармен баратыны жоспарланып отыр.
Бұл жүздесуге Мәжіліс депутаттары Ромин Мәдинов пен Владимир Нехорошев қатысты.
-------------------------------------------
Суретті түсірген Жасұлан ҚҰСПАНОВ.