• RUB:
    5.05
  • USD:
    484.37
  • EUR:
    531.06
Басты сайтқа өту
28 Қаңтар, 2017

Кабанангаға байланысты бірнеше ұсыныс түскен

250 рет
көрсетілді

«Астана» футбол командасының шабуылшысы Жуниор Кабанангаға байланысты бірнеше ұсыныс түскен. Бұл туралы оның агенті Фабио Бальо мәлімдеді, деп хабарлады vesti.kz. «Ұсыныстарға байланысты хабарласқандар күн санап артып барады. Телефонымда тыным жоқ. Әсіресе, Қытай клубтары қызығушылық танытып отыр. Ал Бельгияға оралу туралы мүлдем ойламаймыз. Тіпті, «Андерлех» клубы да біздің жоспарымызға кірмейді», – деді ол. Бельгияда бағы жанбағанмен, жанкүйерлері конголыққа әрдайым сәттілік тілеп отырады. Айта кетейік, Кабананга Бельгияда 2010-2015 жылдары ойнаған. «Андерлехтің» құрамында болғанмен, негізгі құрамға сіңісіп кете алмады. Бұдан кейін «Беерсхот», «Руселаре», «Серкль Брюгге» ұжымдарына жалға берілген. Ал «Астанаға» 2015 жылы көшіп келді. Африка ұлттарының кубогында әзірге үш гол соғып, сұрмергендер тізімінде көш бастап келеді. Оның құрамасы топтық кезеңнен бірінші орынмен шықты. 29 қаңтар күні ширек финалда Гана командасымен ойнайды.