• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
28 Қаңтар, 2017

Жерорта теңізінен ежелгі кеме табылды

464 рет
көрсетілді

Испанияның археологтары Кабрера аралына жақын жерде (Балеар аралдарының құрамына жатады) су астынан Рим империясына тиесілі кемені тапты. Ол шамамен 1,8 мың жыл бұрын батып кеткен, деп хабарлайды РИА "Новости" ақпарат агентті. Қазір кеме 70 метр тереңдікте жатыр. Өз уақытында құмыралар тасымалдаумен айналысқан. Су астында қанша жыл жатса да қыш ыдыстар жақсы сақталған. Мамандардың айтуынша бұл Балеар аралдарынан табылған ең құнды жәдігердің бірі. Кабрера аралдарынан Рим империясының кезінен барлығы 12 кеме табылған. Бұл хабарды алғаш болып жергілікті балықшылар жеткізген. Олардың балық аулауға арналған торларына ыдыстардың сынығы түскен. Былтыр сәуір айында ғылыми экспедиция осы маңайға екі роботты суға түсіріп, олардың көмегімен құм арасынан түрлі көлемдегі құмыраларды фотоға түсірді. Сонымен қатар, қазан айында екі сүңгуір кемені зерттеу үшін бірнеше рет су түбіне жіберген. Олар 2 мыңнан астам түсірілім жасады. Археологтардың мәліметтерінше, кеме біздің дәуірімізге дейінгі III-IV ғасырларға жатады.