• RUB:
    5.05
  • USD:
    484.37
  • EUR:
    531.06
Басты сайтқа өту
28 Қаңтар, 2017

Қазақстан хоккейшілері Қытай командасын ойсырата жеңді

419 рет
көрсетілді

Қазақстан ұлттық құрамасы хоккейден Универсиаданың топтық кезеңін ірі жеңіспен бастады. Жерлестеріміз Қытай командасын 22:0 есебімен ойсырата жеңді. Сергей Старыгин жаттықтыратын отандастарымыз алғашқы кезеңің өзінде жауапсыз 9 шайба соқты. «Халық арена» айдынында өткен кездесуде жастарымыз ерекше өнер көрсетті. Төрешінің ысқырығы естілісімен алға ұмтылған айдын иелері бірінші минутта-ақ Владимир Гребенщиковтің көмегімен есеп ашты. Келесі минутта Әлихан Әсетов есепті еселей түссе, араға үш минут салып Антон Сагадеев үшінші шайбаны тоғытты. Сонымен қатар, Дмитрий Гренц 9-минутта, Владислав Никулин 10-минутта, Артем Бурделев 11 және 13-минутта, Кирилл Савицкий 12-минутта және Мадияр Ыбрайбеков 19-минутта шабуылдарды нәтижелі аяқтады. Кездесудің келесі бөлігінде Аспанасты елінің қақпасына алты шайба соғылды. Артем Бурделев пен Алихан Асетов дубль иесі атанса, Антон Сагадеев пен Михаил Рахманов мергендігімен көзге түсті. Соңғы кезең де жоспар бойынша өрбіді. Алғашқы шабуылда-ақ Кирилл Савитскийдің соққысы көздеген жерінен дәл табылды. Артынша Артем Бурделев, Иван Степаненко, Константин Савенков, Михаил Рахманов, Дмитрий Гренц, Ярослав Евдокимов бір-бір шайбадан соқты. Жерлестеріміз келесі кездесуін 31 қаңтарда Швеция құрамасымен өткізеді. Айта кетейік, Универсиаданың ашылу салтанаты 29 қаңтарда сағат 19:00-де басталады. Еліміздің атынан спорттың 12 түрінен барлығы 171 спортшы қатысады.