Бүгін еліміздің басым бөлігінде атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты тұрақсыз ауа райы сақталады, кей жерлерде қар күтіледі, оңтүстік облыстарда жауын-шашын болады. Кей аумақтарда жел күшейеді, бұрқасын, тұман, көктайғақ болады. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК хабарлады.
Ақмола, Батыс Қазақстан, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, күндіз Атырау облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі.
Алматы облысының кей жерлерінде тұман болады, Жалаңашкөл ауданында жел 18-23 м/с күшейеді.
Жамбыл облысының жекелеген жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі, күндіз жел 15-20 м/с артады.
Оңтүстік Қазақстан облысының кей аумақтарына тұман түседі, жел 15-20 м/с күшейеді.
Маңғыстау облысының кей жерлерінде тұман, күндіз кей жерлерінде көктайғақ болуы ықтимал.
Ақтөбе облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын жүріп, жел 18 м/с күшейеді.
Қостанай облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын, тұман күтіледі.
Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде бұрқасын, тұман, 15-20 м/с екпінде жел болады, Жарма ауданында оның жылдамдығы 25 м/с-қа артады.