• RUB:
    5.05
  • USD:
    484.37
  • EUR:
    531.06
Басты сайтқа өту
29 Қаңтар, 2017

Елорданың туристік символы 142 жобаның арасынан таңдалады

422 рет
көрсетілді

Астана қаласының туристік символы жобасының үздік нобай-идеясына ашық Республикалық байқау жарияланған. Қатысуға өтініштерді қабылдау аяқталды, деп хабарлайды елорда әкімдігі. Басты мақсаты – Астананың туристік символына айналатын дизайнерлік жобаны анықтау. Символ, белгі (бренд) қаланың статусын, оның туристік тартымдылығын, көрікті орындарын, ландшафтының ерекшелігін және тарихын жеткізуге тиіс. Байқауға 142 өтініш тіркелді. Материалдары бар конверттерді ашқан соң қазылар алқасы жобаның 10 үздік нобай-идеясын іріктейтін болады. Жеңімпаздар онлайн-дауыс берудің нәтижесінде анықталады. Байқау қорытындысы ақпанның алғашқы онкүндігінде шығарылады.