Петропавлда 1500-ден астам оқушы мәжбүрлі демалысқа шықты. Бұл туралы 24.kz хабарлады.
Қаладағы 7 білім беру мекемесінде карантин жарияланды. Оқу процесі жедел респираторлы вирусты инфекция мен тұмаудың өршуі салдарынан тоқтатылды.
Сабақтар толығымен 4 мектепте және 1 балабақшада тоқтатылды, орта білім беретін тағы екі мекемеде карантин жартылай жарияланды.
Жас петропавлдықтар оқу ұйымдарына 3 ақпан күні келеді.