• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
29 Қаңтар, 2017

Жамбыл облысында мал шаруашылығы дамып келеді

614 рет
көрсетілді

Жамбыл облысындағы Сарысу ауданында «Жұмыспен қамту - 2020» бағдарламасы аясында берілген несиенің 80 пайызы мал шаруашылығын дамытуға жұмсалады. Себебі, бұл өңір ата кәсіпті өрістетуге қолайлы. Оның үстіне етке деген сұраныс та жыл санап артып отыр. Сондықтан аудан жұртшылығы тиімді салаға баса назар аудара бастады. Әсіресе бұл іске ауыл жастарының құлшынысы артып келеді, деп хабарлады 24.kz. «Жұмыспен қамту» бағдарламасының екінші бағыты бойынша 6 пайызбен 6 миллион несие алып, бизнесімді бастадым. Малдың басын көбейтіп, бордақылаумен айналысып, келешекте үлкен кәсіпкер болуды армандаймын», – дейді жас кәсіпкер Әділет Таңлабеков. «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы аясында ауданда былтыр 175 миллионнан астам қаражат игерілген. 65 адам өтініш білдіріп, 55 адамның жобасы мақұлданған.