• RUB:
    5.05
  • USD:
    484.37
  • EUR:
    531.06
Басты сайтқа өту
29 Қаңтар, 2017

Универсиаданың ашылу салтанаты өтіп жатыр

282 рет
көрсетілді

Алматы қаласында XXVIII Бүкiләлемдiк қысқы Универсиаданың ашылу рәсімі өтіп жатыр. Шараға Қазақстан Президентi Нұрсұлтан Назарбаев қатысып отыр. Универсиаданың ашылу салтанатында халқымыздың өткені мен салт-дәстүрi жайлы қойылым қойылды. «Алматы Арена» мұз айдынында қазақтың суырып салма ақындары арнау айтып, ат құлағында ойнаған шабандоздар туымызды желбiретiп, алып өттi. Ашылу салтанаты әлемнiң 80-нен астам елiнде көрсетiлiп жатыр. Айта кетейік, Қазақстан атынан спорттың 12 түрінен 175 спортшы қатысады. 10 күнде 85 медаль сарапқа салынады. Мәліметтерге сәйкес, бұл – қысқы Универсиада тарихындағы рекордтық көрсеткіш.