Қазақстандық боксшы Батыр Жүкембаев (7-0, 6 КО) мексикалық Давид Ранхелмен жұдырықтасып, кәсіпқой рингтегі сегізінші жеңісіне қол жеткізді. Бұл туралы vesti.kz хабарлады.
Регламентке сай, боксшылар 8 раунд бойы жұдырықтасуы тиіс болатын, алайда Жүкембаев жекпе-жектің 2 минутында-ақ қарсыласын нокаутқа түсірді.
Айта кетейік, Канаданың Квебек қаласында өткен бокс кешінің басты қаһармандары IBF және WBA белбеулері үшін бірінші орта салмақта Стивен Батлер және Брендон Кук жұдырықтасты.