Қазақстандық былғары қолғап шебері Абылайхан Құсайынов кәсіпқой бокстағы бесінші жеңісіне жетті. Бұл туралы vesti.kz хабарлады.
Отандасымыз Квебектегі Стивен Батлер (18-0-1, 15 КО) мен Брендон Кук (17-0, 10 КО) арасындағы бокс кешінде жұдырықтасқан болатын.
Жеңіл салмақта өнер көрсететін 25 жастағы боксшымыз мексикалық Оскар Мехиямен кездесіп, алтыншы раундта техникалық нокаутпен жеңіске жетті.