• RUB:
    5.05
  • USD:
    484.37
  • EUR:
    531.06
Басты сайтқа өту
29 Қаңтар, 2017

Мэйуезер мен Макгрегор жекпе-жек өткізуі мүмкін

310 рет
көрсетілді

Аралас жекпе-жектен (UFC) жартылай орта салмақтағы әлем чемпионы Конор Макгрегор шаршы алаңда Флойд Мейуэзермен жұдырықтасуы мүмкін. Мәліметтер бойынша, жекпе-жек 2017 жылдың соңында немесе 2018 жылдың басында өтеді. Бұл туралы vesti.kz хабарлады. Ирландиялық спортшының айтуынша, ол жуық арада Лас-Вегасқа барып, боксшының лицензиясын алуға дайындалып жатыр екен. «Менің ойымша, бұл миллард доллар үшін өтетін бірінші жекпе-жек болады. Кездесу биылғы жылдың соңында немесе келер жылдың басында өтетін шығар. Қазір мен Лас-Вегасқа барып, боксшының лицензиясын алуға дайындалып жатырмын. Содан соң Мейуэзердің ұсынысын күтемін», – дейді Конор worldboxingnews басылымына берген сұхбатында. Айта кетейік, бұған дейін әлемдік БАҚ-та америкалық боксшы Флойд Мейуэзер Конор Макгрегорға кездесу үшін 15 миллион доллар ұсынғаны хабарланған. Алайда, ирландиялық спортшы бұл ақшаны азсынды. Осыдан кейін UFC президенті Дана Уайт екі спортшыға да жекпе-жек үшін 25 миллион доллар ұсынған болатын. Бірақ бұл ұсынысты Мейуэзер қабылдаған жоқ.