• RUB:
    5.05
  • USD:
    484.37
  • EUR:
    531.06
Басты сайтқа өту
30 Қаңтар, 2017

Шетелдіктер қазақ мәдениетімен танысады

386 рет
көрсетілді

Алматыда өтіп жатқан  XXVIII қысқы Универсиада  спорт сайыстарына арналған дүбірлі дода ғана емес,  қазақтың ұлттық дәстүрін, мәдениетін шетелдіктерге жан-жақты  таныстыратын үлкен мүмкіндік. Әлемнің түкпір-түкпірінен келген туристер  домбыраның  қоңыр үніне құлақ түріп,  күй құдіретіне қол соғатын болады. Шетелдік қонақтарға  ұлттық өнерді, төл мә­де­ниеті­мізді насихаттау мақсатында Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясы бірқатар мә­дени іс-шараларды ұйымдастыруды жоспарлап отыр. Яғни 31 қаңтар күні Қазақстан Респуб­ли­касы Мемлекеттік үр­мелі аспаптар оркестрінің «Универ­сиада-2017» –  Шыңға бас­тайтын жол!» атты кон­церті өтеді. Көркемдік жетекшісі және бас дирижері Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Қанат Ахметов, дирижері – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Александр Беляков. Ал 3 ақпан күні көркемдік жетекшісі және бас дирижері – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Б.Демеуов болып табылатын Б.Байқадамов атындағы Мемлекеттік хор капелласының «Универсиада-2017 әнұрандары» атты концерті өтеді. Осылайша, шетелдіктер  әсем Алматының көрікті жерлерін  аралап, қазақ халқының қонақжайлылығына куә болып, ұлттық өнердің  ұлылығына тәнті болады деген сенімдеміз. «Егемен-ақпарат»