Қазақстан Коммунистік халық партиясы Орталық комитеті саяси бюросының кеңейтілген отырысы өтті. Онда Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстанда мемлекеттік басқару жүйесін реформалау жөніндегі Үндеуі талқыланды.
Орталық комитет саяси бюросының мүшелері Елбасының ұсыныстарына қолдау білдірді және олар мемлекеттік билік тармақтары арасында өкілеттіктерді қайта бөлу қажет деген ортақ пікірге келді. Партия жетекшілері, сондай-ақ, өкілеттіктерді қайта бөлу мемлекеттік органдар жұмысының тиімділігін бағыттауға арналғанын атап өтті. Бірінші кезекте, бұл биліктің заң шығарушы және атқарушы органдарының жауапкершілігін күшейтеді.
Коммунистердің пікірінше, аталған реформа саяси жүйенің тұрақтылығын арттырады, ал Парламент пен Үкіметтің рөлінің артуы қазіргі заманғы мемлекеттік басқару жүйесінде тиімді механизм қалыптастыруға мүмкіндік береді. Отырыста партия өкілдері бүкілхалықтық талқылауға ұсынылатын реформа жобасының ерекшеліктеріне тоқтала келіп, бұл Қазақстан Тәуелсіздігінің бастапқы кезінде таңдалған демократиялық бағыттың жалғасы екенін атап өтті. Отырыс қорытындысында партияның бастауыш құрылымдарында Елбасының Үндеуін бүкілхалықтық талқылау туралы шешім қабылданды
Әлисұлтан ҚҰЛАНБАЙ,
«Егемен Қазақстан»