Малайзия жағалауында 28 турист пен 3 экипаж мүшесі мінген кеме жоғалып кетті, деп жазады BBC.
Менгалум аралына бағыт алған кемемен байланыс Кота-Кинабалу қаласынан шығып кеткеннен кейін қайта орнамай қалған.
Қазіргі таңда кеме маршруты бойынша іздеу-құтқару операциясы жүргізіліп жатыр. Шараға тәртіп сақшылары мен әскери-теңіз флоты және Малайзияның әуе күштері ат салысып жатыр. Туристер бағыт алған Менгалум аралы жабайы табиғатымен танымал.