• RUB:
    5.05
  • USD:
    484.37
  • EUR:
    531.06
Басты сайтқа өту
30 Қаңтар, 2017

30 қаңтарға арналған ауа райы

314 рет
көрсетілді

30 қаңтар күні ел аумағының басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады, кей жерлерде қар, оңтүстік облыстарда жауын-шашын күтіледі. Таулы аймақтарда жауын-шашын қатты болады. Республиканың кей өңірлерінде тұман, көктайғақ, екпінді жел болжанады, оңтүстік-батыста жел жаяу бұрқасынмен болады. Қазгидрометтің хабарлауынша, Ақмола, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Шығыс Қазақстан  облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі. Түнде Алматы облысының кей аумақтарын тұман басып, күндіз желдің күші 15-20 м/с болады, Жалаңашкөл ауданында жел 23-28  м/с күшейеді. Оңтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман күтіледі, желдің күші 15-20, екпіні 23-28 м/с жетеді. Қызылорда облысының жекелеген жерлерінде тұман, көктайғақ, 15-20 м/с жылдамдықта жел болады. Маңғыстау облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Жамбыл облысының  кей жерлерінде тұман, көктайғақ болуы ықтимал, 15-20 м/с екпінмен соққан желдің жылдамдығы 25 м/с артады. Күндіз облыстың оңтүстік-батысында желдің күші 30 м/с-қа  жоғарылайды.