• RUB:
    5.52
  • USD:
    475.62
  • EUR:
    519.23
Басты сайтқа өту
02 Сәуір, 2011

Тығыз ынтымақтастыққа жаңа серпін

374 рет
көрсетілді

Кеше Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Төрағасы Орал Мұхамеджанов ЕурАзЭҚ Парламентаралық Ассамблеясының байқаушылар миссиясы өкілдерін қабылдады, деп хабарлады осы палатаның баспасөз қызметі. Кезектен тыс президенттік сай­лауға ЕурАзЭҚ ПАА тара­пынан байқаушы болып келген делегация құрамындағы Ресей Федерациясы Федералды Жина­лы­сы Федерация Кеңесінің та­би­ғат ресурстары мен қоршаған ортаны қорғау комитетінің мү­ше­сі Анатолий Васьков пен ЕурАзЭҚ ПАА жауапты хат­шы­сы Петр Зверев кездесуде өз пікірлерімен бөлісті. Анатолий Васьков өз сөзінде Қазақстанның бас қаласында тұң­ғыш рет болып тұрғанын, ерекше әсер алғанын айта келіп, алдағы сайлауға дайындық барысы заң­ды жолмен жүріп жатқанын бай­қағанын мәлім етті. Қазақстан халқының бірлігі мен келісімі елдегі тыныштықтың кепілі екенін тілге тиек етті. Мәжіліс Төрағасы мейман­дар­ды сайлауалды науқанының жұмысы қалай жүргізіліп жат­қа­ны жайлы жан-жақты таныс­ты­рып өтті. Сайлау науқаны қолай­лы әлеуметтік-экономикалық және саяси жағдайда өтуде. Қазақстан Республикасы әлемдік қаржы дағдарысынан аман шығып, 2010 жылды ІЖӨ-нің 7 пайыз­дық өсі­мі­мен қорытындылады. Қазақ­стан – осы жылдардың ішінде зей­нетақы мен бюджеттік қыз­мет­керлердің еңбек­ақы­сын үш рет арттыруды жүзеге асырған әлемдегі санаулы елдердің бірі. 2010 жылы-ақ еліміз 2020 жылға дейінгі Стратегиялық жос­­пардың және үдемелі ин­дус­триялық-инновациялық бағдар­ла­маның алғашқы нәтижелеріне қол жеткізді. 800 млрд. теңгені құрайтын 152 нысан іске қо­сылды, соның арқасында 23 мың адам жаңа жұмыспен қамтылды. Жалпы, жас мемлекеттің 20 жыл ішіндегі дамуы тұрақтылықпен және қарқынды өркендеумен ерекшеленеді. Қазақстан ЕҚЫҰ-ға, ШЫҰ-ға төрағалық етуі арқылы ха­лық­аралық беделге ие болды. Үс­тіміздегі жылы Ислам Кон­ферен­циясы Ұйымына жетекшілік жасайды. Мәжіліс Төрағасы мейман­дар­ға дауыс берушілердің жо­ға­ры белсенділігі туралы айтты. Бұл елді басқару ісіне халықтың нақты қатысуын, халықтың де­мократиялық құндылықтарды ба­ғалай білетіндігін көрсетеді. Сайлау органдары қызметінің тәуелсіз және ашық екендігі анық байқалып отыр. Соның ішін­де Орталық сайлау комис­сиясы (ОСК) жариялылықты қамтамасыз етуде. Меймандарға Орал Мұхамед­жанов Орталық сайлау комис­сиясы Қазақстан президентін сай­лауға келген 1059 халық­ара­лық байқаушыны тіркегенін хабардар етті. Соның ішінде ЕҚЫҰ-ның Демократиялық институттар және адам құқық­тары жөніндегі бюросынан – 357, ТМД-дан – 426, ШЫҰ-дан – 13, сондай-ақ халық­аралық ұйым­дардан – 100, шет елдерден 163 өкіл бар. Халықтың сайлауға қатысуға ынта білдіруінен-ақ елдегі аза­мат­тық ашық қоғамның дамып келе жатқанын анық көруге бо­лады. Палата Төрағасы Қазақстан­ның әрбір азаматы сайлауға қа­ты­су арқылы тұрақтылық, елдің өркендеуі және ынтымағы жарас­қан келешек үшін дауыс беретінін жақсы сезінетінін айтты. Тараптар Кедендік одақтың бо­ла­шағы, оның заңдық негізін қа­лып­тастыру мәселелерін тал­қыға салды. Ең бастысы – көрші елдердің бір-біріне деген ынты­мақтастық бай­ланысы ашық, ха­лықтардың сенімі жоғары. Сон­дықтан тарап­тар­дың мүддесін көздеген қажетті заң­дарды қа­был­дауға толық негіз бар. Кездесудің ортақ түйіні – алдағы сайлау Қазақстанның стратегиялық серіктес елдермен тығыз қарым-қатынас жасауына жаңа серпіліс беретіні анық.