• RUB:
    5.05
  • USD:
    484.37
  • EUR:
    531.06
Басты сайтқа өту
30 Қаңтар, 2017

Сирияда бес жылдан кейін алғаш рет футбол ойыны өтті

410 рет
көрсетілді

28 қаңтар күні Сирияның Алеппо қаласында бес жылдан кейін алғаш рет футбол матчы ұйымдастырылды. Бұл туралы sport-express.ru хабарлады. The Sun ақпараты бойынша «Аль-Иттихад» пен «Хуррия» клубтары арасында өткен жолдастық кездесу 2:1 есебімен аяқталды. Айта кетейік, қарулы қақтығыстардың салдарынан теңбіл доп ойыны бұл қалада соңғы рет 2011 жылы өткізілген. Өткен жылдың желтоқсан айында ел әскері Алеппоны лаңкестерден азат етіп, билік орнатты.