Синоптиктер Қазақстанда 2017 жылдың 31 қаңтар мен 2 ақпан күндері аралығында ауа райының қандай болатынын айтты,- деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК.
"Жылу мен ылғал әкелетін оңтүстік циклон оңтүстік, оңтүстік-шығыс, орталық және шығыс Қазақстан облыстарындағы ауа райына әсер етеді. Осыған байланысты еліміздің оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында қар аралас жаңбыр, тұман, көктайғақ және батыстың қатты желі күтіледі. Ал Қазақстанның орталығы мен шығысында қар және секундына 18-25 метрге дейін жел күтіледі", - деді "Қазгидромет" өкілдері.
Мамандардың айтуынша, елімздің батыс және солтүстік аумақтарында қар, боран және батыс бағыттағы қатты жел болады.