• RUB:
    5.05
  • USD:
    484.37
  • EUR:
    531.06
Басты сайтқа өту
30 Қаңтар, 2017

2016 жылы зейнетақы активтеріндегі инвестициялық кіріс 531 млрд теңгені құрады

364 рет
көрсетілді

2016 жылдың қорытындысы бойынша зейнетақы активтеріндегі инвестициялық кіріс 531 млрд. теңгені құрады. Бұл туралы ҚР Ұлттық банкі төрағасының орынбасары Ғалымжан Пірматов айтты. «Осылайша, өткен жыл бойы БЖЗҚ-ның зейнетақы активтері бойынша орташа алынған ай сайынғы кіріс 44,3 млрд. теңге деңгейінде болды», деді ҚР Ұлттық Банкі төрағасының орынбасары. Оның айтуынша,2016 жылғы 12 айда зейнетақы активтерінің 848,7 млрд. теңгеге 6,7 трлн. теңгеге дейін ұлғайған. Бұл ретте бұл өсімнің 62,6%-ын алынған инвестициялық кіріс құраған.  2017 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша «БЖЗҚ» АҚ салымшыларының зейнетақы жинақтары 6 685,3 млрд. теңге болған. Оның ішінде 5 334,9 млрд. теңге (80%) мөлшеріндегі зейнетақы жарналары, 1 350,4 млрд. теңге (20%) мөлшеріндегі соманы инвестициялық кіріс құрады. «БЖЗҚ» АҚ құрылған сәттен бастап, сақтандыру ұйымдарына аударымдарды қоса алғанда, салымшыларға төленген зейнетақы төлемдерінің көлемі 410,6 млрд. теңгені құрады. Сондай-ақ Ғ. Пірматов инвестициялық кірісті есептеу күн сайын жүзеге асырылатынын айтты.