• RUB:
    5.05
  • USD:
    484.37
  • EUR:
    531.06
Басты сайтқа өту
30 Қаңтар, 2017

Универсиада-2017. Қазақстан спортшылары фристайлдан екі медаль еншіледі

339 рет
көрсетілді

Алматыда өтіп жатқан Универсиада ойындарында Қазақстан қоржынына тағы екі жүлде түсті. Оны фристайлдың акробатика түрінен Жанбота Алдабергенова мен Жібек Арапбаева жеңіп алды. Спорттың бұл түрінен ақтық сынға Жанбота Алдабергенова, Жібек Арапбаева, Вера Ляшкевич (Беларусь) және Чжу Иньинь (Қытай) шыққан болатын. Қорытындысында қытай қызы алтын жүлдені алса, Жібек Арапбаева күміс медальға қол жеткізді. Ал Жанбота Алдабергенова қола жүлдені місе тұтты. Чжу Иньинь (Қытай) — 64.09 Жібек Арапбаева (Қазақстан) — 60.84 Жанбота Алдабергенова (Қазақстан) — 60.48. Айта кетейік, бүгін Анна Шевченко шаңғы жарысында қола медаль алған болатын.