• RUB:
    5.06
  • USD:
    508.05
  • EUR:
    534.82
Басты сайтқа өту
30 Қаңтар, 2017

2016 жылы жедел жәрдемнің ең көп шақырылымы ОҚО-да тіркелген

276 рет
көрсетілді

2016 жылы Қазақстанның жедел жәрдем қызметі 7,8 миллионнан аса шақылым жасаған. Өңірлер арасында ең көп шақырылым саны Оңтүстік Қазақстан облысында тіркелген, - деп хабарлайды ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің баспасөз қызметі. "2016 жылы Қазақстанның жедел медициналық көмек қызметінде (бұдан әрі - ЖМК) 7 миллион 835 мың 624 шақырту жүзеге асырылды. Өңірлер арасында ең көп шақырылым саны - Оңтүстік Қазақстан (1 миллион 168 мың), Алматы (1 миллион 22 мың) облыстары мен Алматы қаласында (859 мың 244), сонымен қатар, Шығыс Қазақстан облысында (716 мың 289) тіркелген. Ал жедел медициналық көмек қызметіне аз жүгінген тұрғындар - Солтүстік Қазақстан облысындағылар (858 мың шақырылым)", - делінген хабарламада. Баспасөз қызметіндегілердің мәліметінше, щақырылымға себеп болатын жағдайлардың басым көпшілігі тыныс алу органдары мен жүрек-қантамырлар жүйесінің аурулары, жарақаттар мен уланулар, неврологиялық және жұқпалы аурулармен байланысты болып отыр. Сонымен қатар, 2016 жылы нәтижесіз (жалған) шақырылымдар саны республика бойынша 183 мың 387 болды. Сондай-ақ, ведомствоның мәліметінше, бүгінде ЖМК қызметінде 20 мыңнан аса адам қызмет етеді. Республика бойынша 24 дербес станциялар және 62 кіші станциялар жұмыс істейді, бір тәулікке 1300 бригада және автокөлік бірліктері жұмылдырылған.