• RUB:
    5.05
  • USD:
    484.37
  • EUR:
    531.06
Басты сайтқа өту
30 Қаңтар, 2017

«Астана» тағы бір үздік ойыншысынан айырылды

309 рет
көрсетілді

«Астана» футбол клубының жартылай қорғаушысы Рохер Каньяс ресми түрде Кипрдің АПОЭЛ командасына ауысты. Бұл туралы vesti.kz хабарлады. Колумбиялық футболшы бүгін медициналық тексеруден өтіп, жаңа командасымен 2017 жылдың соңына дейін келісімшарт жасасты. Трансфер құны әзірге белгісіз. АПОЭЛ сапында ол 80-нөмірмен ойнайды. Бұған дейін Каньястың жаңа командаға жарты жылға жалға берілетіні хабарланған. Айта кетейік, Рохер Каньяс «Астанада» 2014 жылдан бері ойнап келеді. Елордалық ұжыммен ол үш рет Қазақстан чемпионы атанып, бір мәрте ел Кубогын жеңіп алған. Сонымен қатар, өз командасын Чемпиондар лигасы мен Еуропа лигасының топтық кезеңіне жолдама алуына септігін тигізген. «Астанаға» дейін ол екі жыл Қарағандының «Шахтерінде» ойнаған. Мұнда 2012 жылы чемпион атанып, Қазақстан Кубогы мен Суперкубогында жеңіске жетті. Жалпы, 26 жастағы жартылай қорғаушы Қазақстан Премьер-лигасында 143 кездесуге қатысып, 19 голдың және 14 нәтижелі пастың авторы атанған.