• RUB:
    5.05
  • USD:
    484.37
  • EUR:
    531.06
Басты сайтқа өту
30 Қаңтар, 2017

Smart Astana 11 жоба әзірлеуде

368 рет
көрсетілді

Астана әкімдігінде Smart Astana тұжырымдамасы шеңберінде бағдарламаларды іске асыру мәселелері талқыланды. Талқылау барысында тұрғындардың қамы үшін Smart Astana 11 жоба әзірлеп жатқаны белгілі болды, деп хабарлады елорда әкімдігінің баспасөз қызметі. Smart Astana - елорданы «жаһандық ақылды қалаға» трансформациялауға бағытталған тұжырымдама. Ол қала өмірінің барлық салаларын қамтиды. Қазір маңызды бағыттар бойынша әкімдіктің салалық басқармаларымен бірлесе отырып Астана Innovations АҚ жұмыстар жүргізуде. Жобалардың барлығы қалалық қызметтер мен коммуналдық кәсіпорындардың қызмет көрсету деңгейін арттыруға, әкімдіктің ашықтығын, яғни, билік пен тұрғындар арасында ашық диалог құруға, елорда тұрғындары үшін қолайлы жағдай қалыптастыруға, қаланың қауіпсіздігін күшейтуге бағдарланған. Жобаларды қаржыландыру мемлекеттік-жеке меншік әріптестік немесе жеке инвестициялар есебінен жүргізілмек. Олардың дені - отандық компаниялар.