• RUB:
    5.05
  • USD:
    484.37
  • EUR:
    531.06
Басты сайтқа өту
30 Қаңтар, 2017

Абылайхан Құсайынов: Жекпе-жекте жоспарымды толығымен орындадым

411 рет
көрсетілді

Қазақстандық боксшы Абылайхан Құсайынов (5-0, 4 КО) Канаданың Квебек қаласында жеңіл салмақта мексикалық Оскар Мехиямен (8-1-1, 3 КО) жұдырықтасып, техникалық нокаутпен жеңіске жеткен. Кездесу Стивен Батлер мен Брэндон Куктың андеркартында өтті. Осы жеңісінен алған әсері жайлы өз ойымен бөлісті. «Аллаға мың да бір шүкір! Тартысты өткен кездесуде қарсыласымды тізе бүктірдім. Оскар Мехиямен күш сынасатыным үш апта бұрын ғана белгілі болды. Бірақ барынша дайындалып, жекпе-жекте ойға алғанымның бәрін жүзеге асыра алдым. Әрине, маған қарағанда тәжірибесі көп спортшы болғандықтан, оңай болды дей айлмаймын», – дейді Абылайхан. Sports.kz ақпары бойынша, ол 2017 жылы көбірек жекпе-жек өткізуді мақсат етіп отыр. «Жаңа жылдан кейін бірден жаттығуға кірісіп кеттім. Дайындық кезінде бірнеше спарринг өткіздік. Шаршы алаңда қорғаныста тұрып қалмай, шабуылдағанды жақсы көремін. Бұл жолы да бәрі ойдағыдай өтті .Бүгінге дейін бес кездесу өткіздім. Әлі де болсын тәжірибе жинап, өз стилімді табуым керек. Алдағы уақытта өзімнің жеке әдіс-тәсілдеріммен бокстасамын деп ойлаймын. Осы жеңісімнің арқасында Boxrec рейтингінде 128 орынға көтерілдім. Қазіргі басты міндетім – көрсеткішімді жоғарылату», – деді боксшы.