• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
02 Сәуір, 2011

Бағаны тұрақтандыруға бағыт

381 рет
көрсетілді

Осы мақсатқа облыс бюджетінен 407 миллион теңге бөлінді Атырауда да азық-түлік өнім­дерінің бағасын өрескел өсір­меу­дің шаралары алынуда. Осы орай­да әлеуметтік маңыз­ды азық-түліктерді сатып алу үшін облыс бюджетінен 407 миллион теңге бөлініп отыр. Облыс әкімі Бергей Рысқалиев арнайы өт­кізілген селекторлық кеңесте ха­барлағандай, қар­жы­ны екі оператор игереді. «Аты­рау» әлеу­меттік-кәсіп­кер­лік корпора­ция­сы мен «Асыл Агро» ЖШС бюджеттен бөлін­ген қаржыға картоп, ма­ка­рон өнімдерін, қара­құ­мық жар­ма­сын, күріш, қант, өсімдік май­ын және сарымай, сондай-ақ 100 тонна сиыр етін сатып алуы тиіс. Ал сатып алынған өнімдер азық-түлік жәр­мең­ке­ле­рінде, 3 базарда және 4 дүкенде 5 пайыздық үс­те­мемен азық-түлік жәрмең­ке­ле­рін­де саты­ла­тын болады. «Атырау» әлеуметтік-кә­сіп­керлік корпорациясы бас­шы­ларының мәліметінше, жа­қын күндері облысқа 500 тонна картоп жеткізіледі және оның килосы 100 теңгеден жәр­меңкелерде сатылуы көз­де­ліп отыр. Қазір бұл корпорация қоймасына килосы 290 теңгеден 88 тонна қарақұмық жармасы, килосы 110 теңгеден 527 тонна күріш, 200 тең­ге­ден, 365 тонна қант және 272 теңгеден 193 тонна өсімдік майы сатып алынған. Жолдасбек ШӨПЕҒҰЛ. Атырау облысы.