Қазақстандық кәсіпқой боксшы Әли Ахмедовтің келесі жекпе-жегінің уақыты белгілі болды. Бұл туралы vesti.kz хабарлады.
Жартылай ауыр салмақта (175 фунт – 79,4 кг) бокстасатын Ахмедовтің келесі айқасы 11 наурыз күні Ұлыбританияның Лондон қаласында өтеді. Оның қарсыласы әзірге белгісіз.
Айта кетейік, 21 жастағы спортшы осыған дейін кәсіби рингте 5 жекпе-жек өткізіп, бәрінде жеңіске жетті. Оның төртеуін нокаутпен аяқтаған.