Қазақстан құрамасы Универсиада ойындарының бірінші күнінде үш медаль (бір күміс, екі қола) жеңіп, жалпы есепте бесінші орынға тұрақтады.
Шаңғы жарысынан қыздар арасында Анна Шевченко 5 шақырым классикалық стильде алғашқы қола медальді жеңіп алды. Бұл жарыста алтын жүлде Лилия Васильеваға бұйырса, күмісті оның отандасы Анна Нечаева еншіледі.
Сонымен қатар, фристайл-акробатикадан Жібек Арапбаева мен Жанбота Алдабергенова Қазақстан қоржынына бір күміс пен бір қоланы салды. Ал осы жарыста алтын медаль қытайлық Чжу Иньиньге бұйырды.
Жалпы есепте, Ресей 9 медальмен (4 алтын, 4 күміс, 1 қола) көш бастап тұрса, екінші орында Аспанасты елі 3 медальмен (2 алтын, 1 қола) келеді. 3-орында – 1 алтын, 1 қоласы бар Польша құрамасы. Ал 1 алтынымен Италия төртінші орынға орналасты.