Парламент Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Палата Бюросының мүшелерімен жұмыс бабындағы кеңес өткізді, деп хабарлады Сенаттың баспасөз қызметі.
Сенат Басшысы Президент, Үкімет және Парламент арасындағы өкілеттіктерді қайта бөлу мақсатындағы еліміздің Ата заңы – Конституцияға енгізілетін түзетулерді түсіндіруге арналған депутаттардың 2-10 ақпандағы аймақтарға сапарына баса назар аударды.
«Президенттің бастамасы жұртшылық арасында кеңінен қолдау тапты. Ұсынылған түзетулерді халықпен талқылау, енгізілетін өзгерістердің мәні мен мағынасын түсіндіру депутаттардың міндеті», - деді Қ.Тоқаев.