• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
02 Сәуір, 2011

Шетелдік байқаушылармен кездесті

272 рет
көрсетілді

Кеше Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Қуандық Тұрғанқұлов Польшадан келген бай­қау­шылар – «Польша-Шығыс» ынты­мақ­тастығы қау­ым­дастығының вице-төрағасы Иозеф Брылльмен және Варшава университетінің профессоры Анджей Вержбицкиймен кездесті. ОСК басшысы оларды сайлауға әзірлік бары­сы­нан хабардар етті. Поляк байқаушылары өз кезегінде Қазақстан Респуб­ли­касының кезектен тыс пре­зиденттік сайлауын бай­қауға берілген мүм­кін­дік үшін ризашылықтарын білдірді және республика астанасының өздері бол­ған жекелеген сайлау учас­келерінен алған әсер­лерімен бөлісті. «Біз Астана қаласының екі сайлау учаскесінде болдық. Комиссия мүшелері сай­лауды әзірлеудің барлық мәселе­леріне үлкен жауапкершілікпен және кәсі­би тұр­ғыдан қарайтынын көр­дік. Демократиялық рә­сімдер сақталған. Учаскелер дауыс беру ба­ры­сын еш кедергісіз байқау үшін толық мүмкіндік жа­сауды ескере отырып жабдық­талған. Учаске­лер­дің дай­ындығы бізге жақ­сы әсер қалдырды», – деп атап өтті Иозеф Брылль.   *  *  * Сондай-ақ кеше Ор­та­лық сайлау комис­сия­сы төрағасының орын­­басары В.Фоос Ресей Фе­дера­ция­сы Орта­лық сай­лау ко­мис­сиясы төр­ағасының орынба­са­ры С.­Ва­ви­лов­пен кездесті. Делегация мүшелері кезектен тыс президенттік сайлауды әзірлеу және өткізу барысымен жан-жақты танысуға, сондай-ақ сайлау заңнамасының кандидаттарды ұсыну мен тіркеу тәртібін, кандидат­тардың сайлауалды үгітін қаржыландыруды реттейтін жекелеген ережелеріне қызығушылық танытты. Ал Владимир Фоос Орта­лық сайлау комис­сиясы­ның кезектен тыс президенттік сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі жұ­мысымен, сайлау науқа­ны­ның негізгі кезең­дері­мен таныс­тырып, олар­дың бірқатар сұрақтарға жауап қай­тарды. – Біз Астана қала­сы­ның аумақтық сайлау ко­миссиясында болдық. Үл­кен жұмыс атқарылған. Осындай маңызды сай­лауды ел Конституциясы мен сайлау заңнамасына сәйкес өткізу үшін бар­лық жағдай жасалған, – деді Ресей Федерациясы Орталық сайлау комис­сиясы төрағасының орын­басары. Әлисұлтан ҚҰЛАНБАЙ.