• RUB:
    5.05
  • USD:
    484.37
  • EUR:
    531.06
Басты сайтқа өту
30 Қаңтар, 2017

Астанада 17 саябақ пен гүлбақ жобасы әзірленуде

686 рет
көрсетілді

Астананың қала құрылысы кеңесі саябақтар мен гүлбақтар салу, елорда көшелерін жарықтандыру, көгалдандыру және абаттандыру мәселелерін қарады, деп хабарлады қала әкімдігі. Кеңес мүшелері ірі жасыл алқаптар жасау арқылы экожүйені жақсарту үшін қазіргі көгалдандыру бағдарламасын дамытуды ұсынды. «Креативті жобалар» бағдарламасы аясында елорданың түрлі бөлігінде 17 саябақ пен гүлбақ жасау бойынша жоба белсенді әзірленуде. Олардың үшеуі бойынша жобалау жұмыстары аяқталды. Айта кетейік, Астананың қала құрылысы кеңесі бірыңғай сәулеттік және қала құрылысы саясатын іске асыру, қолға алынған жобалардың сапасын арттыру үшін құрылды. Кеңес құрамына қалалық әкімдіктің өкілдері, сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері бойынша жергілікті атқарушы органдардың, МСҚБ басқармасының басшылары, сондай-ақ жетекші сәулетшілер кіреді.