• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
31 Қаңтар, 2017

Кен тасымалына отандық рельс қолданылады

543 рет
көрсетілді

ERG компаниясының жөн­деу мен талдау блогы және стра­те­г­ия­лық даму директораты маман­да­ры жасаған санаттық стратегия шеңберіндегі сы­намалық жа­ңа жоба өмірге жол тартты. Жаңа бастама аясында бұрынғы Р65 импорттық магистралдық рельс­терін отандық өндірістен шық­қан РП65 өнеркәсіптік ре­льс­тері алмастырмақ. Қазір Еура­зия­лық топ құрылымына ене­­тін «Соколов-Сарыбай» кен-бай­­ы­ту өндірістік бірлестігі» акцио­нер­лік қоғамында шектеулі жүк сал­мағын ескере отырып, ең күр­де­лі геологиялық жағ­дай­лар­да ре­льс сынағын өткізу жұ­мыс­та­ры жүріп жатыр. Соколов-Сарыбай кен өндіру бір­лестігіндегі кен таситын тұ­рақ­ты жолдардың жалпы ұзын­ды­ғы 507 шақырымды құрайды. Бар­лық жолдар Рудный, Қашар өндіріс алаңдарының кеңей­тіл­ген бөлігіне және Қоржынкөл ала­ң­ындағы бөлімдерге, яғни бар­лығы төрт бағытқа таралады. Олар­дың әрқайсысындағы и­м­порт­­тық магистралдық ре­льс­­тер­ді «Ақтөбе рельс арқа­лық зауы­ты» жауапкершілігі шек­­теу­лі серіктестігі жасап шы­­ғарған отан­дық рельстермен алмас­ты­рып жатыр. Жол шаруашылығы мен құ­ры­лымдары басқармасындағы тех­никалық бөлім бастығы Сергей Горбуновтың түсін­ді­руі­н­ше, бірінші қазақстандық рельс­тер партиясы өткен жы­лы желтоқсан айының басын­да Соколов кенішіндегі екін­ші «Юбилейный»–«Предо­тва­льный» бөліміне төселген еді. Кей­ін­нен қалған бөлімдер де қам­тылды. Өндірістік алаңдағы ауыс­тырылған рельстің жалпы ұзын­дығы 2 462 метр болып отыр. Бүгінге дейін салмағы 320 тоннаны құрайтын отандық ре­льс пайдалануға берілді. Оның са­пасы жағынан техникалық пара­метрі бұрынғы сырттан әкел­­ген рельстен кем емес, ең бас­­тысы, отандық өнім әлде­қай­да арзан. Қазақстан рельстері осылай ішкі нарықта қолданыла бастады, сұранысқа ие. «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының не­гізгі жол бағыттарына осы ре­льс­ті төсеуі отандық өнім сапа­сы­ның жарқын мысалы деуге бо­лады. – Біздің рельстер Бүкіл­ре­сей­лік темір жол көлігі ғылыми-зерт­теу институтында сынау­дан сәтті өтті және барлық қажет­ті сертификаттарды алды, – дей­­ді Ақтөбе рельс арқалық за­уытының коммерциялық ди­рек­­торы Андрей Шерин. – Жақсы са­палы болаттарды қолдану және бекітілген стандарттарды сақ­тау зауыт өндірісінің ерекше сипаты болып табылады. Әлемге аты мәлім ERG компаниясымен бірігіп жұмыс жасау – біз үшін қуаныш. Кен алыбы Соколов-Сарыбай кен өндіру бірлестігіне рельс жеткізіп беру бізге үлкен жауапкершілік жүктейді. Сынақ нәтижесін тағатсыздана күтеміз және алдағы уақытта да жұ­мыс­тар­ды бірлесіп атқаруға да­­й­ын­­быз. Өндіріс жолына төселген ре­льсті сынау уақыты бірнеше айға созылады, содан кейін отан­дық өнімнің сапасы туралы түп­кілікті қорытындылар жа­сала­ды. Бірақ, қазірдің өзінде Р65 рельсін отандық РП65-ке ал­мастыру үнем жағынан тиімді еке­нін байқатты. Нәзира ЖӘРІМБЕТОВА, «Егемен Қазақстан» РУДНЫЙ