• RUB:
    5.05
  • USD:
    522.91
  • EUR:
    548.85
Басты сайтқа өту
31 Қаңтар, 2017

Аты жеңіл болғанымен, жолы ауыр...

818 рет
көрсетілді

Өңірдегі өнеркәсіптің өзекті мәселесі қандай?

Кеше

Батыс Қазақстан облысы кеңестік Қазақстанның өн­ді­ріс­ті өңірінен саналатын. Же­ңіл өнеркәсіп саласында Клара Цеткин атындағы тігін фаб­ри­ка­сының атағы Одаққа дәуірлеп тұр­ді. Ерлер костюмін, күрте мен әйелдердің қыстық киімдерін тігетін кәсіпорын 1989 жылы Жапония, АҚШ, Италия және Францияның өнімділігі жоғары құрал-жабдығымен жасақталып, жылына 1 млн 230 мың дана тігін өнімдерін шығарған. Сондай-ақ, 1924 жылы бай­пақ-киіз басу фабрикасы ретінде құ­рылған «Аяз» кәсіпорны да жы­лына 240 мың жұп байпақ пен 240 тонна техникалық киіз басу қуатына ие болған. Халықаралық көрмелерде аса жоғары бағаланған қаракөл ел­ті­рісін айтпағанда, Орал қа­ла­сының өзінде мал терісін өң­дейтін «Землячка», «Тері-ши­кі­зат зауыты», «Мех комбинаты» се­кілді кәсіпорындар болған. Жоғарыда аталғандардан қазір қалғаны – «Аяз» ЖШС ғана. Пима, резеңке табанды байпақ, металл сүйекті киіз үй, т.б. өнім шығаратын кәсіп­орын әзір банкроттықтан аман. Ба­тыс Қазақстан облы­сы­­ның кә­сіпкерлік және индус­трия­­лық-инновациялық даму бас­қар­ма­сының мәліметіне қара­ған­да, «Аяз» ЖШС-да 2016 жыл­дың қо­рытындысы бойынша жүннен ба­сылған аяқ киім өнді­рі­сі 2015 жыл­ға қарағанда 2 есеге ұл­ғайған. Ал кезінде 1300 адамға дейін қыз­мет еткен тігін фабрикасының ізі де жоқ. Оралдың орталық кө­ше­сінде тұрған фабрика ғи­ма­ра­ты бүгінде сауда орта­лы­ғына ай­налған...  

Бүгін

Батыс Қазақстан облысының статистика департаментінің де­рек­теріне қарағанда, өңірде өткен жы­лы 1620,0 млрд теңгенің өнімі өндірілген. Бірақ мұның негізгі бөлігі, яғни 1437,5 млрд теңгесі кен игеруге тиесілі. Өңдеу өнер­кәсібінде барлығы 128,8 млрд тең­генің өнімі алынған. Ет және ұқсас өнімдер өндірісінің кө­лемі 19,5 пайызға өсіп, жыл ішін­де 42,2 млрд теңгенің тамақ өнім­дері, 1,5 млрд теңгенің сусыны өндіріліпті. Жалпы, өңдеу өнер­кә­сібінің 34 пайызы дәл осы тамақ өнер­кәсібінің үлесіне тиесілі. Дегенмен, жеңіл өнеркәсіптің жағдайы жақсы емес. Бұл салада 2016 жылдың өндіріс көлемі 845,8 млн теңгеге бағаланған. 2015 жылмен салыстырғанның өзінде тоқыма бұйымдарын өндіру 62,4 пайызды, киім өндіру 83,7 пайызды ғана құрады. Батыс Қазақстан облысы әуел­ден мал шаруашылығы ба­сым­дыққа ие өңір саналады. 2017 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бо­йынша ірі қара мал басының саны 496,2 мың, қой – 960,3 мың, ешкі – 191,6 мың, жылқы – 146,5 мың, шошқа – 25,4 мың, түйе – 2,7 мың, құс 934,1 мың  болған. Көріп отырғанымыздай, негізгі тү­ліктердің өсуі байқалады. Де­ген­мен, тұрғындар бағып отыр­ған ма­лының етін ғана саудалайды. Мал­дың терісі, қойдың жүні он­да­ған жылдан бері керексіз та- уар болып қалған. Ауылдағы мал бақ­қан ағайын жылына екі рет қыр­қып алатын қойының жүнін да­лаға тастайды. Себеп біреу – жүн алатын орындар жоқ, болса да жүн бағасы өте арзан. Қалаға алып келіп, тапсырған уақытың мен шығыныңа тұрмайды. Мал терісі де солай – соғым нау­қа­нын­да сиыр терісі саудаланаты­ны бол­маса, қалған терінің қы­зы­ғын ит пен күйе-көбелек көріп жа­тыр...  

Ертең

Әрине, жеңіл өнеркәсіптің мұн­шалық ауыр халі мамандар мен сала басшыларын ойландырмай қоймайды. – 2016 жылдың қорытындысы бойынша жеңіл өнеркәсіп сала­сын­­да жалпы сомасы 845,9 млн теңгенің өнімі өндірілді. Атал­­ған саланың өңдеу өнер­кә­­сі­біндегі үлесі небәрі 0,6 пай­ыз­­ды құрайды, –  дейді Ба­тыс Қазақстан облысының кәсіп­кер­лік және индустриялық-инно­ва­ция­лық даму басқармасы өнер­кә­сіп бөлімінің жетекшісі Тұр­сын Өтебаева. Дегенмен, бұл салада қазір қыз­­мет етіп жүрген не­гіз­гі кәсіпорындар өндіріс кө­ле­­­мін арттырған. Жоғарыда айт­­қан­дай,«Аяз» ЖШС не­гі­з­ін­де өн­дірілетін жүннен ба­сыл­ған аяқ киім өндірісі 2 есеге ұлғайса, «Надежда» ТТФ» ЖШС-да жұмыс киімін шығару кө­лемі 10,2 пайызға өсіпті. Соң­ғысы шығаратын өнім тү­рін кө­бейтпек көрінеді. Осы мақ­сат­та алда уақытта Ресей елінің жабдықтарын тасымалдап, қайта жаңғырту жүргізуді жоспарлауда. Осымен бірге, кәсіпорын дуалды жүйе бойында шет елдердің мамандарын тарта отырып, кадрларды даярлауға атсалыспақ. Аталған сала кәсіп­орын­да­ры­на мемлекеттік бағ­дарламалар ая­сында төмен­­де­гі­дей қолдау көр­сетілуде. Мы­са­­лы, «Бизнестің жол картасы-2020» бірыңғай бағ­дарламасы шең­­­берінде 2016 жылы екі же­ке кәсіпкер – «Мол­да­шева» ЖК «Қой жүнін қай­та өңд­еу», «Жанаргуль» ЖК «Су­ве­нирлер даярлау» жобаларын ұсынып, грантқа ие болды. – Жеңіл өнеркәсіп са­ла­сын­дағы кәсіпорындар қазіргі таң­да қолданыстағы мемлекеттік бағ­­­дарламалар, соның ішінде «Өнімділік-2020» бағдарламасы шең­берінде өндірісті қайта жаң­ғыр­туға дайын. Алайда, сала кә­сіп­орындары үшін бағдарлама шарт­тары тым күрделі, өйткені сала негізін шағын және орта кә­сіп­орындар құрайды ғой, – дейді тағы Тұрсын Фазыл­ға­ли­қызы. Өңірдегі өңдеу өнеркәсі­бі, сон­­дай-ақ жеңіл өнеркәсіп са­ла­с­ы кәсіпорындарының мүм­­кін­діктерімен таныс­тыру мақ­­­сатында облыста инвес­ти­­­ция­лық шаралар: форумдар, көр­­мелер, конференциялар ұйым­­дастырылады. 2016 жыл­­­дың ­қыркүйек айында өт­­к­ен «WESTKAZ INVEST» ха­лық­ара­­­лық форумына Ресейдің ше­кара­лас аймақтар кәсіпкерлері де белсенді қатысты. Осы жұ­мыс­­тардың нәтижесінде атал­ған са­ла кәсіпорындарымен инвес­ти­циялық жобаларды жүзеге асыру бойынша жұмыс жүргізілуде. Мысалы, кәсіпкерлікті қолдау картасы аясында «Пош РУНО» компаниясы 2016 жылдың аяғында тері өңдеу бойынша тың жобаны іске қосты. Испан компаниясының жабдықтары орнатылатын бұл кәсіпорын жылына 182 мың дана ірі қара мал терісін, 624 шағын қара мал терісін өңдемек. Жеңіл өнеркәсіп саласындағы кә­сіпорындар кездесетін негізгі қиын­дық мынау: отандық кә­сіп­орын өнімдері бағасы арзан, сапасы төмен шетелдік, соның ішінде қытайлық тауарлармен бәсекелесе алмайды. «Бұл мәселені шешу және отандық жеңіл өнеркәсіп саласын дамыту үшін мұндай кәсіп­орын­дарды кемінде 3 жылдық кепілдендірілген мем­лекеттік тапсырыспен қам­та­масыз ету қа­жет. Соның ішінде күштік құ­ры­лым­дар, денсаулық сақтау объек­т­ілері және білім беру саласы сияқты құрылымдардың тапсыры­сы отандық кәсіпорындарға бері­луі тиіс. Өйткені, біздің жеңіл өнер­кәсіп кәсіпорындары әзірге әл­сіз, өзіндік бос қаражаты бол­маған­дық­тан, несие тарту қиындық ту­ғы­зады», дейді Батыс Қазақстан облы­­сы­ның кәсіпкерлік және ин­дус­­­трия­лық-инновациялық даму бас­­қармасының басшысы Руслан Сапарғалиев.  

Түйін

Биыл кәсіпкерлік саласындағы азаматтар үшін мүмкіндік көп. 2017 жылы Батыс Қазақстан облысының әкімдігі мен «Даму» қоры 1,5 млрд теңге қаржы бөліп, ол сома қала мен аудандарға 8,5 пайызбен несие ретінде берілмек. Әр кәсіпорынның 50 млн теңгеге дейін шекті мөлшерде қаржы алуына мүмкіндік туады. Ал облыс әкімдігі мен «Атамекен» өңірлік кәсіпкерлік палатасы 600 млн теңге бөліп, аудандарға 7 пайызбен несие қарастырмақ. Аудандық кәсіпорындарға берілетін қаржының көлемі – 18 млн теңгеге дейін.Сондай-ақ, биыл «Бизнестің жол картасы-2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы аясында жеке кәсіпкерлікті қолдауға 1,6 млрд теңге қаржы қарастырылған. Қазбек ҚҰТТЫМҰРАТҰЛЫ, «Егемен Қазақстан» Батыс Қазақстан облысы