Бұрқасын соғып, жолдың нашар көрінуіне байланысты Ақтөбе және Жамбыл облыстарында барлық автокөлік түрлерінің қозғалысына шектеу жарияланды.
ҚР ІІМ ТЖ Комитетінің сайтында жарияланған деректерге сүйенсек, 30 қаңтар күні 17:50-де Ақтөбе облысындағы республикалық маңызы бар «Қандыағаш-Ембі-Шалқар-Ырғыз» (92-257 км Ембі қ.- Шалқар қ.) жолы барлық автокөлік түрлері үшін жабылды.
Жамбыл облысында 30 қаңтар күні 23:30-да ауа райының бұзылуына байланысты (бұрқасын, көру мүмкіндігінің шектеулігі) облыстық маңызы бар «Б.Момышұлы-Қошқар Ата» автожолында (10-65 шақырым аралығы) көліктің барлық түрлері үшін қозғалыс тоқтатылды.