• RUB:
    5.05
  • USD:
    484.37
  • EUR:
    531.06
Басты сайтқа өту
31 Қаңтар, 2017

Қор нарығына «Самұрық-Қазына» қоры компанияларының акциялары орналастырылады

482 рет
көрсетілді

Қазақстан Президенті бүгін жарияланған Жолдауында қор нарығын одан әрі дамыту мәселесіне айрықша тоқталған. «Жекешелендіру оның дамуына серпін беруге тиіс. Мен жоғарыда айтып өткендей, қор нарығына «Самұрық-Қазына» қоры компанияларының акцияларын орналастыру керек. Халықтың жинаған өз қаражатын ең алдымен түрлі бағалы қағаздарға инвестициялау мүмкіндігін одан әрі арттыру қажет», - деді Нұрсұлтан Назарбаев. Мемлекет басшысы 2016 жылдың соңында заңдастыру науқаны аяқталғанын, оған еліміздің 140 мыңнан астам азаматы қатысқанын атап өтті. Нәтижесінде 5,7 триллион теңге, оның ішінде қаражат түрінде 4,1 триллион теңге заңдастырылды. «Үкіметтің міндеті - бұл қаражаттың экономикаға, соның ішінде жекешелендіруге қатысу арқылы пайда беруін қамтамасыз ету. Сонымен бірге, Қазақстанның жекеменшік кәсіпорындарының облигация шығарылымдарын субсидиялау мәселесін пысықтау қажет. Үкіметке Ұлттық банкпен бірлесіп, отандық қор нарығын жандандыруға бағытталған шаралар қабылдауды тапсырамын», - деді Елбасы.