• RUB:
    5.05
  • USD:
    484.37
  • EUR:
    531.06
Басты сайтқа өту
31 Қаңтар, 2017

Қарағанды қаласында аймақтық тестілеу орталығы ашылды

1051 рет
көрсетілді

Қарағандыда оқушыларға арналған UStudy аймақтық тестілеу орталығы ашылды. Енді Қарағанды оқушылары мен ата-аналары заманауи әрі ыңғайлы инфрақұрылымды қолдана отырып, орталықта ҰБТ мен мектеп емтихандарын үздік тапсыру үшін және де мектеп білім беру сапасын тексере алады. Ресми ашылудың құрметті қонақтары ретінде Қарағанды облысының әкімі Әбдібеков Н.К., облыс әкімінің орынбасары Абишев Ж.А., Қарағанды қаласының әкімі Әубәкіров Н.Е., Қарағанды облыстық білім басқармасының басшысы Аймағамбетов А.Қ., білім басқармасының басшысы Жекебаев Д.Ш қатысты. Қарағандыда  UStudy компаниясының аймақтық тестілеу орталығы ашылды. Осы орайда, оқушылар өздерінің білім деңгейін анықтап, мектеп қабырғасындағы кез келген емтиханнан сүрінбей өтуіне септігін тигізетін онлайн-форматында тестілеуден өту мүмкіндігіне ие болды. UStudy аймақтық тестілеу орталығы, UStudy білім беру бренді мен ұлттық тестілеу орталығының (ҰТО) ортақ жемісі. Бұған дейін осындай орталықтар еліміздің батыс,шығыс  және оңтүстік аймақтарындағы қалаларда бой көтерген еді. «Оқушылар үнемі әртүрлі тестілеуден өтуде. Ал біз өз кезегімізде бұл сынақты жеңіл әрі тиімді ете түсу үшін орталықтарымызда онлайн-форматында тестулеуді енгіздік. Қағаз бетіндегі тестілеуге қарағанда, бұл ыңғайлы болмақ», – дейді Ustudy-дің Қарағанды қаласындағы директоры Рахат Ахмет. UStudy Білім беру жобасы қазірдің өзінде Алматы, Шымкент, Тараз, Талдықорған, Өскемен, Ақтау, Ақтөбе, Атырау, Қызылорда, Семей  қалаларында 12 өңірлік тестілеу орталықтарын ашты. Алдағы уақытта Көкшетау, Қостанай және Астана қалаларында ашуды жоспарланып отыр. Қарағанды  қаласындағы аймақтық тестілеу орталығын ашудағы басты міндеттердің бірі – жаңа білім беру өнімдері мен технологияларды пайдалана отырып Қазакстанда тестілеудің жаңа мәдениетін құру. Қарағанды қаласында аймақтық тестілеу орталығында оқушылардың тестілеуден өту барысына басқа көзқараспен қарауына жағдай жасалған.  Орталық 1400 шаршы метр аумақты қамтиды және жаңа техникалық жабдықтармен қамтамасыз етілген 200 орын бар және де орталықтың ішкі дизайнымен Қазақстанның жетекші дизайнерлері еңбек етті. Жыл бойы Қарағанды қаласындағы аймақтық тестілеу орталығында оқушылар: сынама тестілеуден өтуге, мектеп бағдарламасы бойынша өз білімдерінің «әлсіз тұстары» бойынша есеп алуға, Қазақстанның үздік мұғалімдерінің қазақ тілінде ұсынған бірегей білім бейнесабақтарына қол жеткізуге, кеңес алуға мүмкіндік алады.