• RUB:
    5.05
  • USD:
    484.37
  • EUR:
    531.06
Басты сайтқа өту
31 Қаңтар, 2017

2016 жылы ұсталған көліктердің бағасы қалай өзгерді?

409 рет
көрсетілді

Былтыр Қазақстанда жаңа көліктер жаппай қымбаттаса, ескі көліктер бағасы маркасына қарай әр қилы өзгерді. Былтыр жыл басы мен жыл соңындағы бағаны салыстыратын болсақ, жыл басынан бері ұсталған көліктер айтарлықтай арзандаған. Ең төменгі баға жаз кезінде болса, желтоқсанда сауда қайта қызып, баға аздап көтерілген. Төменде халық ішінде ең танымал маркалардың бағалары ұсынылады. Mercedes-Benz E230 (1992) көлігі жыл басында 940 мың айналасында болса, сәуірде ең төменгі көрсеткішке түсіп, 800 мыңға бағаланды. Ал желтоқсанда 1992 жылғы E Мерседестерінің құны орташа есеппен 815 000 теңге айналасында болған. Toyota Camry (2007) көлігі 2016 жылдың қаңтарында орташа есеппен 3 900 000 мыңның үстінде болса, мамыр-шілде айларында 3 350 000-ға дейін арзандап, желтоқсанда 3 500 000 -ға дейін қайта қымбаттады. Toyota Land Cruiser Prado (2007) көлігі былтыр қаңтарда 8 000 000 теңге болды. Көліктің ең арзан кезі қазан айында 6 650 000-ға тең болса, желтоқсанда бағасы 6 850 000-ға дейін көтерілді. Hyundai Accent (2007) жыл басында 3 250 000 теңгеге саудаланды. Мамыр айында 2 850 000-ға дейін арзандап кеткен акцент 3 100 000 теңгеге қымбаттады.