• RUB:
    5.05
  • USD:
    484.37
  • EUR:
    531.06
Басты сайтқа өту
31 Қаңтар, 2017

«Қайрат» футболшысы «Црвена Звезда» командасына ауысты

406 рет
көрсетілді

«Қайрат» командасының жартылай қорғаушысы Герсон Асеведо жақын арада Сербияның «Црвена Звезда» командасының сапына қосылады, деп хабарлады vesti.kz. MozzartSport порталының мәліметі бойынша чилилік футболшы «Қайрат» клубымен келісішартын бұзған. Сол себепті, «Црвена Звездаға» Герсон Асеведо тегін ауысады. Сербиялық команданың басшылығы бұл трансфер жайлы ақпаратты қатаң түрде құпия ұстағанды жөн көріпті. Дегенмен, бүгін Асеведоның Сербия чемпионатында өнер көрсететіні белгілі болды. Айта кетейік, 28 жастағы чилилік ойыншы 2006 жылы кәсіби мансабын бастаған. 2006-2009 жылдар аралығында өз елінде ойнаған. 2010 жылы Ресей чемпионатына ауысып, «Урал» және «Мордовия» командаларының намысын қорғады. Өткен жылы «Қайрат» сапына ауысып келген болатын. Алайда, өз деңгейінде ойнай алмай, жанкүйерлердің көңілінен шықпады.