Алматыда өтіп жатқан 28-ші қысқы Универсиада ойындарында фристайлдан еліміздің атынан сынға түскен Жанбота Алдабергенова мен Бағлан Іңкәрбек жұбы алтын жүлдеге қол жеткізді.
Суперфиналда біздің жұп 167.05 ұпай жинап екі бірдей қытайлық жұптан үздік шықты. Ақтық сында Аспанасты елінің спортшылары 113.02 және 87.77 ұпай жинады.
Айта кетейік, Қазақстан қоржынына бұған дейін алғашқы алтынды қыздар арасында биатлоннан Алина Райкова салған. Қазір ел құрамасы 2 алтын 2 күміс 4 қола жүлдемен жалпыкомандалық есепте екінші орынға көтерілді.