Алматының «Қайрат» командасы футболшылардың құны жағынан Қазақстан премьер-лигасындағы ең қымбат команда атанды, деп хабарлайды vesti.kz.
Transfermarkt мәліметінше, «Қайраттың» жалпы құны 20,48 миллион еуроны құраған. Ал соңғы үш маусымда чемпион атанған «Астана» ұжымы 20,10 миллион еуроға бағаланған.
Айта кетейік, маусымаралық үзілісте «Астана» ойыншысы Рохер Каньяс АПОЭЛ командасына жалға берілді. Ал «Қайрат» трансферлік бағасы 1,5 миллион еуро тұратын хорватиялық жартылай қорғаушы Иво Иличевичті қатарына қосты.
Бұл көрсеткіште үштікті «Ақтөбе» клубы түйіндеп тұр. Оның жалпы құны – 10,90 миллион еуро.