• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Оқиға Кеше

Пәкістан астанасындағы мешітте жарылыс болып, 31 адам қаза тапты

10 рет
көрсетілді

Пәкістанның астанасы Исламабадта орналасқан Хадиджа-тул-Кубра мешітінің маңында жұма намазы кезінде жарылыс болды. Салдарынан кемінде 31 адам қаза тапты, деп хабарлайды Egemen.kz

DW мәліметінше, тағы шамамен 170 адам түрлі деңгейде жарақат алған.

Жарылысты жасаған лаңкес үстіне жарылғыш құрылғыны тағып, мешітке кірген. Алайда ол жарылғыш құрылғыны іске қоспастан бұрын мешіттің кіреберісінде тоқтатылған. 

Куәгерлердің айтуынша, қаскөй алдымен қауіпсіздік күштеріне оқ жаудырып, кейін мешіттің ішінде үстіндегі жарылғыш белбеуді жарып жіберген.

Оқиға орнына жедел жәрдем көліктері барды. Төтенше жағдай қызметтерінің хабарлауынша, жараланғандардың көпшілігінің жағдайы ауыр. 

Исламабад комиссарының орынбасары Ирфан Мемон жараланғандар саны әлі де нақтыланып жатқанын мәлімдеді. Зардап шеккендер қаланың бірнеше ауруханасына жеткізілген. Ел министрлері зардап шеккендерге және қаза тапқандардың отбасына көмек көрсетілетінін айтты.

Ал Пәкістанның сыртқы істер министрі Исхак Дар бұл шабуылды «жауыздықпен жасалған қылмыс» деп атады.

Соңғы жылдары Пәкістанның шекаралас аймақтарында экстремистер тарапынан жасалатын зорлық-зомбылық әрекеттерінің саны артқан. 

Соңғы жаңалықтар