• RUB:
    5.52
  • USD:
    475.62
  • EUR:
    519.23
Басты сайтқа өту
04 Сәуір, 2011

Жас сайлаушы

596 рет
көрсетілді

Қостанай қаласындағы №62 сайлау учаскесі орналасқан облыстық қазақ драма театрына жергілікті мекен-жай бойынша құрбым Ирина Калашникова екеуміз бірге келіп, дауыс бердік. Екеуміздің де сайлауға бірінші рет қатысуымыз. Қала тұрғындары сайлау учаскесіне ағылып келіп жатыр. Бюллетень алу үшін бізге кезек күтуге тура келді. Үлкен әжелер мен аталарымыз бюллетеньді урнаға тастаған соң, «өмір жақсы болсын, ел тыныш, балалар соғыс көрмесін, тоқ болсын!» деп тілек тілеп жатыр. Мен де бірінші рет урнаға бюллетеньді өз қо­лыммен тастадым. Әрине, толқыдым. Өмірімде бірінші рет өз елімнің саяси өміріне қатыстым деп есептеймін. Қазақстанда демократияның салтанат құруына, елдің дамуына өз даусымды қостым. Мен дауысымды Елбасыға бердім. Нұрсұлтан Назарбаев Қазақ­стан­­ды басқаруға кіріскенде мен өмірге енді келген сәби екенмін. Жітіқара ауданында өстім, білім алдым. Ата-анам, бауырларым жұ­мыс істейді. Айтайын дегенім, балалық шағым бақытты өтті, ешнәр­седен та­рық­қан жоқпын. 90-шы жылдары қиындықтарды бастан кешкен Жіті­қа­ра қаласы қайтадан тоты құстай түледі. Қазір ол обл­ыс­тағы көркем орталықтың біріне айналған. Өзім қазір Қостанай әлеуметтік-тех­никалық университетінің 4-ші курсында оқып жүрмін. Болашақ мамандығым қаржыгер болғандықтан, мен еліміздің эко­но­ми­калық дамуына көп көңіл бөлемін. Елімізде қолға алынған үдемелі индус­триялық-инновациялық даму бағдарламасы экономиканы да, өндірісті де ілгері жылжытатын болады. Осы бағдарлама шеңберінде біздің облыста да ірі кәсіпорындар, ауыл шаруашылығында ірі жобалар бастау алды. Мұндай ірі кәсіпорындар ашылған сайын қостанайлықтар жұмыс табады, адамдар айлық жалақысын алып, тұрмысын түзейді. Айтайын дегенім, осының барлығы да Нұрсұлтан Назарбаевтың сындарлы саясатының арқасы. Менің анам «халықтың тұрмысы жақ­сы, сондықтан тату тұрамыз, жаратқан ием осыдан айырмасын!» деп отырады. Мен бүгінгі сайлауда дауыс беріп жатқан үлкен кісілердің жүзінен олардың да менің анаммен пікірлес екенін байқадым. Құрбым Ира да Назарбаевқа дауыс бердім деді. Мен президенттікке басқа үміткерлерді де құрметтеймін. Олардың сайлау науқанында көтерген өзекті мәселелері Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың сая­са­тын­да да, бағдарламасында да қамтылған. Сондықтан көш­бас­шымыздың бастауымен жұдырықтай жұмылып, алға басамыз деп сенемін. Мен осы үшін дауыс бергенімді, азаматтық ұстанымымды білдіргенімді мақтан тұтамын. Салтанат ӘКІМОВА, З.Алдамжар атындағы Қостанай әлеуметтік-техникалық университетінің студенті. Қостанай. *** Кеше өткен кезектен тыс президент сай­лауына қатысып, өз таңдауымды жа­садым. Шынын айтсам, қатты тол­қыдым. Бұл менің өмірімдегі туған елім­нің келешегіне деген жеке жауапкершілігімді айқындаған сәт болды. Қаскелең қаласындағы № 359 сайлау учаскесіне адам көп жиналды. Бәрінің көңілдері көтеріңкі, бір-біріне сыйлас­тықпен қарап, жа­сына қарап, құрмет көрсетіп жатыр. Мен тәрізді жастар да едәуір. Өзім қазіргі Көш­басшымыз Нұр­сұлтан Әлішұлы Назарбаев үшін дау­ыс бердім. Өйткені, әрдайым «Ел бо­лашағы – жастар» деп бізге қолдау көрсетіп, зор сенім артып келеді. Сол жастар легінде екендігімді әрдайым мақтаныш етемін. Қазіргі кезде қаладағы В.Белинский атын­дағы орта мектептің 11-сы­ны­бын­да оқимын. Сабағым жақсы. Алдағы жоспарларымның іс жүзіне асуы, әрине, елімдегі бейбітшілік пен саяси тұрақтылыққа байланысты. Тәуелсіз елім 20 жылда айтулы табыстарға қол жеткізді. Қаскелең қаласының сәуле­ті­нің өзі талайды тамсандырады. Ха­лық­тың әлеуметтік-тұрмыстық жағдайы күрт өсіп, баспана мәселесі оң шешілген. Осы жерде кіндік қаны тамған Нұрсұлтан Әбішұлы біз үшін мақ­та­ныш, біз жастар оған еліктейміз. Туған жеріміздің өркендеуіне үлес қо­суды аза­маттық парыз санаймыз. Сон­дықтан да жастар өз таңдауларын жасады. Сай­лаудағы жеңіс – қара­сайлық жастардың да жеңісі дегім келеді. Жәния ДӘУЛЕТОВА. Алматы облысы, Қарасай ауданы. *** Біз 2003 жылы Өзбекстаннан көшіп келдік. Әкем Жаңабай түрлі тірліктің тілін таба білетін бесаспап шаруа, ал анам Әзиза ісмер, киім пішіп, тігін тігеді. Отбасымызда бес қыз, бір ұл бар. Менің жасым он сегізде. Биыл алғаш рет дауыс бердім. Таңдауымды да қателеспей, дұрыс жасадым деп ойлаймын. Өйткені тағдыр тәлкегіне ұшырап, басқа елге бетбұрған қандастарын туған елінің төріне шақырып, хал-қадерінше қамқорлық жасаған адамды біз ешқашанда ұмытпаймыз. Содан бері жиырма жылға жуық уақыт өтсе де көші-қон мәселесі  мемлекет назарынан түскен емес. Бүгінде Қазақстан – қандастарын тарихи отанына қабылдаумен жүйелі айналысып, ол үшін мемлекет қазынасынан қомақты қаржы жұмсап отырған әлемдегі үш елдің бірі. Соның арқасында, міне, мен өзімнің төл отанымдағы ең бірінші сайлауға қатысу бақытына ие болып отырмын. Басымызды түгендеп, тірлігімізді түзейтін, өткенімізді зерделеп, болашақты болжайтын кемеңгер басшысыз елдің ел болуы екіталай. Оны алыс-жақындағы оқиғалар анық көрсетіп отыр. Қазақ елі көреген басшысының арқасында тоқсаныншы жылдардағы қиындық құрсауынан аман-есен шыға білді. Екімыңыншы жылдың да экономикалық екпіні ерен. Бүгінде ел тізгінін дұрыс қақтырған сол дана саясат жер бетінде қазақ деген ел мен оның өзіндік тарихи даму жолы бар екендігін жер шарындағы өркениетті мемлекеттерге мойындатты. ЕҚЫҰ-ға төрағалық етіп, Астана Саммитін абыроймен өткізу соның жарқын мысалы.  Басқа да ауыз толтырып айтар жетістіктеріміз қаншама десеңізші! Мен еліміздегі саяси тұрақтылық пен экономикалық дамуға дауыс бере отырып, болашақта дәрігер болып, ел халқының сау-саламат болуына перзенттік парызымды қоссам деймін. Нәзира ЖАҢАБАЙҚЫЗЫ. Жамбыл облысы, Байзақ ауданы, Сарыкемер ауылы.