Еліміздің екі облысында бұрқасын мен көру мүмкіншілігінің болмауына байланысты тас жолдар жабылды. Бұл туралы ТЖ комитеті «Құрылыс, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» ММ-ге сілтеме жасап хабарлады.
Жамбыл облысында 30 қаңтар сағат 23:30-дан бастап ауа райының қолайсыздығына (бұрқасын, көру мүмкіншілігінің болмауы) байланысты облыстық маңызы бар «Б.Момышұлы-Қошқарата» тас жолының 10-65 шақырым аралығы барлық көліктер үшін жабық.
Алматы облысында 31.01.2017 жылы сағат 12:00-ден бастап ауа райының қолайсыздығына (бұрқасын, көру мүмкіншілігінің болмауы) байланысты облыстық маңызы бар «Талдықорған-Қапал» тас жолының 0-76 шақырым аралығында барлық көлік түрлері үшін қозғалыс шектелді.