• RUB:
    5.52
  • USD:
    475.62
  • EUR:
    519.23
Басты сайтқа өту
04 Сәуір, 2011

Байқаушы бағасы

447 рет
көрсетілді

Ласло Кароли Мараш, Нидерланды Корольдігіндегі сараптама институтының сарапшысы, Амстердам универ­ситетінің адъютант-профессоры. Сайлау учаскелерінде айрықша тәр­­тіп орнаған, мүгедектердің, егде аза­маттардың дауыс беруіне жан-жақ­ты жағдай жасалған. Сайлау ко­мисссиясы мүшелерінің өз істеріне деген жауапкершіліктері өте жоғары көрінді. Бір атап өтерлігі, Қазақ­стан­ның Батыстың көптеген елдеріндегі дауыс беру дәстүрінен ерекшелігі – арнайы дауыс беру жәшіктерінің мөл­дір, шыны және ашық түрде бола­тын­дығы. Сол арқылы сырттай ба­қы­лаушы қанша адам дауыс беріп жат­қанын мөлшерлей алады. Батыс Еу­ро­паның көптеген елдерінде жәшік­тер жабық күйінде келеді. Сондық­тан, Қа­зақ­станның сайлау кезінде мөл­дір жә­шік қоюдағы инновациялық тәжі­ри­бесі мен әдісі – өте қызықты көрін­ді. Бұл тәжірибені Батыс Еуро­па­ның өзге де елдеріне енгізуге болады деп ойлаймын. Менің Қазақ жеріндегі сайлаудан түйгенім – мұндағы саяси науқанның барлық халықаралық талапқа сай келетіндігі. Сайлау өте жоғары дең­гей­де ұйымдастырылған, сайлаушы­лар­дың дау­ыс беруіне барлық жағдай жасал­ған. Қазақстандағы саяси нау­қан мен ондағы сайлау үдерісіне кө­ңі­лім толды. Себебі, бұл мемлекет демократия жо­лын басшылыққа алып келеді. *** Мұратбек ИМАНАЛИЕВ, Шанхай ынтымақтастық ұйымының Бас хатшысы: – Қырғызстаннан арнайы келген біздер үш топқа бөлініп, – Астана, Алматы, Қарағанды қалаларында өтіп жатқан сайлауды бақылаудамыз. Негізгі топ осында болғандықтан, Алматы мен Қарағандыдағы өкілдеріміз хабар­ласып, есеп беруде. Негізінде сайлау халықаралық сайлау ережесі шеңберінде өтіп, осы уақытқа дейін ешқандай да тәртіп бұзушылық байқалған жоқ. Астанадағы 24 сайлау бөлімшелерінде болып, барлығындағы маңызды іске деген жауапкершілікті байқап, ұйымдастыру шараларының өз дәрежесінде өтіп жатқанынан хабардар болдық. Байқауымыздың алғашқысын «Жастар» са­райында орналасқан бөлімшеден бастағанда, елдің уақытысынан ерте барып, кезекте тұрғандарын көріп тәнті болдық. Барлық жерлердегі үзіліссіз келіп жатқан көпшілікке қарап, сайлаудың өз дәрежесінде өтетініне сенімдіміз. Юлия ЛЕВОЧКИНА, Украина Жоғарғы Радасының депутаты: – Қазақстан мемлекетінің бүгінгі аса маңызды шарасына Еуропалық бауырлас ассамблея кеңесінің делегациясы құрамында бақылаушы болып келіп отырмыз. Бұл құрамға үлкен ұйымның секретариат қызметкерлері еніп, барлық саяси топ қамтылған. Бес адамнан тұратын делегацияның үшеуі Астанада, әлі түс мезгілі болмаса да, қазірге дейін 4 сайлау бөлімшесінде болдық. Ал екі адамымыз Қарағанды қаласына аттанып кеткен. Сонда бақылау жасап, ірі қалаларыңыздың бірінен ертең есеп береді. Делегация жетекшісі ретінде айтарым, бір бөлімшенің ашылу рәсімін жасап, үшеуінде өз міндетімізді атқара жүріп байқағанымыз – кез келген сайлау бөлімшелері кең де ыңғайлы ғимараттарға орналасты­рылыпты. Кідіру, кезек күту сияқты құбылыстар атымен болған жоқ. Парақша арқылы арнайы жәшікке дауыс берудің тиімділігі байқалады. Дауыс берудің мерекелік дәрежеде ұйымдастырылып, ән-әуенмен астасып жатуы, бір жерде филармония өнерпаздарының өнер көрсетуін өз басым ерекше қабылдадым. Яғни, сайлау біз болған жерлердің барлығында жоғары деңгейде ұйымдас­ты­рылып отыр.   Абдуллах БУКСУР, Түркі әлеміндегі Адам құқықтарын қорғау жөніндегі ассоциация төрағасы: – Біз Қазақстандағы президент сайлауының ашық, демократия талаптарына сай әділ жүргізілуін байқау үшін арнайы келдік. Таңертеңнен бері 3 учаскеде болдым. Онда тұрған стенділерден президенттікке үміткер азаматтар туралы оқып-білдім. Учаскелерде қазақстандықтардың Қазақстан президенттігіне үміткерлерге дауыс беруін байқау барысында әзірше ешқандай қателік көргеніміз жоқ. Калған учаскелерде де солай болады деген ойдамын. Керісінше, менің назарымды аударғаны басқа жәйттер болды. Біз медициналық колледж ғимаратында орналасқан сайлау учаскесіне барға­ны­мызда екі жәшік тұрды. Бірі үлкен, екіншісі кішкентай. Сұрастырсақ, үлкен жәшік сайлау учаскесіне келіп дауыс берушілерге арналса, кіші жәшік денсаулығы жоқ, үйде отырып дауыс бергісі келетіндерге арнайы барып, дауыстарын алатын жәшік екен. Түрік мемлекеттерінде мұндай жәшік жоқ. Бұл сайлаудың өте ауқымды түрде әрі мөлдір, ашық өтіп жатқандығын көрсетеді деген ойдамын. Мен тәуелсіз байқаушы ретінде 2002 жылдан бері жұмыс істеп келемін. Қа­зақстаннан өзге Грузия, Әзірбайжан, Болгария, Сирияда өткен сайлауларда байқаушы болдым. Еуропа елдерінде президенттікке үміткердің 90 мың адамның қолын жинауы үлкен жетістік. Осыған дейін жиналған бұл көрсеткіш меніңше, қазақстандықтардың сайлауға бір кісідей атсалысып жатқандығының белгісі. Қазақстандықтар қоғамдық маңызы бар оқиғаға белсенді қатысуда. Қазақстандағы президенттік сайлау Еуропа­дағы сайлаулар секілді ашық түрде өтіп жатқандығына көзім жетті.