• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
01 Ақпан, 2017

Тұмау тұншықтырып тұр

436 рет
көрсетілді

Қызылжар өңірінде өткір тұмау күш алып келеді. Оның бірден-бір себебі ауа райының құбылмалығы мен дұрыс күтінбеудің салдары, дейді медицина мамандары. Бүгінде респираторлық вирус­тық инфекцияға шалдық­қандардың саны 17 мыңға жеде­ғабыл. Бұл көрсеткіш былтырғыға қарағанда 7 мыңға көп. Тек соңғы аптада ғана осындай 2209 оқиға тіркелген. Олардың басым көпшілігін 14 жасқа дейінгі тұрғындар құрайды. Арасында аяғы ауыр әйелдер де бар. Ал екі жүздей адам тұмау жұқтырған. Денсаулыққа қауіптісі – осы кесел. Қазақ «тұман аяғы – жұт, тұмау аяғы – құрт» деп текке айтпаса керек. Оның үстіне 12 жастағы қыз баланың өткір рес­пираторлық инфекция диагнозы бойынша өкпесі қабынып, қайтыс болуы жан-жақты сақтандыру қажеттігін көрсетіп берді. Сондықтан, медицина қыз­мет­керлері, әсіресе, білім ошақ­­­тарын жіті бақылауға алған. Соған қарамастан, өткір респи­раторлық инфекция мен тұмау­дың асқынып кетуі салдарынан 5 мектеп пен 1 балабақша каран­тинге жабылды. Өйткені, ондағы сырқаттанушылардың са­ны нормадағыдан асып, ба­р­­лық оқушылар мен тәр­биелену­шілердің үштен бірін құра­ды. Бұл білім ошақ­тарында оқу үр­дісі түгелдей доғарылды. Сондай-ақ, тағы бірнеше мекемелерде жартылай карантин жарияланды. Өмір ЕСҚАЛИ, «Егемен Қазақстан» Солтүстік Қазақстан облысы