• RUB:
    5.05
  • USD:
    522.91
  • EUR:
    548.85
Басты сайтқа өту
01 Ақпан, 2017

Азаттықты аңсаған Ақбаев еді

1076 рет
көрсетілді

Біз Алашорда арыстарының қасиетті есімдерін ардақтап атаған тұста Әлихан Бөкейханов, Әлімхан Ермеков, Мағжан Жұмабаев деп құжат тәртібімен қолданамыз да, Жақып Ақбаевтың тек-есімін қазақы қалыппен Ақбайдың Жақыбы деп бөліп айтады екенбіз. «Неге?» деген сұрақ туады. Бұл жерде қазақ атамыз жеті атасынан жілік майы үзілмеген, дәулетті, ырысын ысырап қылмай, қасындағы қарашысына қарайласып, қазақ руханиятына қаржылай қазына құйып отыратын әлеуеті мол әулетті ишараласа керек. Мәселен, мыңды айдаған Ақайдың Қасені, Оразбайдың Медеуі, Маманқұттың Тұрысбегі деген сынды Ақбайдың Жақыбы... Ақбай ата да – заманында жас Жақыпты мол қаражатқа оқытып, қасындағы зияткер жастарға қаржылай көмек көрсетіп отырған атымтай жомарт. Жуырда Қарағанды облысының мемлекеттік мұрағатында мемлекет және қоғам қайраткері, Алашорда үкіметі басшы­ла­рының бірі – сол Ақбай­дың Жақыбының жеке қо­ры ашылды. Алашорда үкі­ме­тінің 100 жылдығы аясында атқарылған шараға Парламент Сенатының депутаты Бірғаным Әйтімова мен «Нұр Отан» партиясы Қарағанды облыстық фи­лиа­лы төрағасының бірін­ші орынбасары Қадиша Оспа­нова және тарихшы ға­лымдар қатысып, қор­дың тұсауын кесті. Алаш баласын адамзат өркениетінің алдына шығару мақсатында құ­рылған Алашорда үкі­метінің басты-бас­ты үш тұлғасы Ақтоғай то­пы­ра­ғынан. Әлихан мен Әлім­хан, үшіншісі осы – Жа­қып Ақбаев. Қарқаралы пе­тициясын жазған заң ма­гистрі. Бұл петиция сол кез­дің көзқарасынан көш іл­гері, нағыз демократтық ба­ғыттағы құнды құжат еді. Шара шымылдығын об­лыстық мұрағат директоры Жаңагүл Тұрсынова тү­ріп, Қазақстанның ұлт­тық мұрағат қоры Жа­қып Ақбаевтың жа­ңа құ­жат­тарымен то­лық­қ­а­нын тілге тиек етті. Алаш ары­­сының жеке қо­ры­на оның 1898-1997 жыл­дар аралығындағы сая­си-қоғамдық қызметін көр­­­­­сететін 32 құжат пен іс­тері тіркелді. Он­да қай­рат­­кердің өмір­ба­я­ны­на қа­тысты құнды де­­рек­тер мен құжаттар, фото­құ­жат­тар, хат алмасулар бар. Бұ­лар әрине, азат­тықты Ақбаевтың кө­зімен бір көрейін дегендер­ге таптырмас дүние­лер. Жақып Ақбаев Омбы жә­не Том гимназияла­рын­да оқыған. Санкт-Пе­тер­­бург университетінің заң факультетін алтын бе­л­гіге бітірді, соны­мен қатар, Санкт-Петер­бург археологиялық инс­титутында оқы­ды. Омбының сот ве­до­мство­сын­­­да әлем соты лауазы­мын атқарды. Патша үкі­­­ме­тінің отарлық жүйе­­сіне қар­с­ы Омбы, Пет­ро­пав­л, Семей, Пав­ло­дар, Қарқаралы қала­ла­­рын­да­ғы революциялық іс-ша­­раларды ұйым­дас­ты­ру­­­шылардың бірі. 1905 жы­­лы Ә.Бөкейхан, А.Бай­тұр­­­­­­сы­новпен бір­ге­ Қар­­­­қа­ралы халқы­ның от­ар­­­­­­лық қа­науға қарсы на­ра­­­­зы­лық шерулерін ұйым­да­с­­­­тыр­ды. Алашорда үкі­ме­тін құ­рушылардың бі­­рі – Әли­хан­ Бөкейханның жа­қын се­рігі. Шара соңына таман «Жа­қып Ақбаев – сая­сат­­кер, патриот, заң­гер» атты та­­рихи-деректі көр­ме ұйым­­дастырылды жә­не об­л­­ыс­тық ме­млекеттік мұрағат қоры­нан ал­ын­ған «Алаш» қоз­ға­лысы, «Алашорда» үкі­метінің қайраткерлері жай­лы деректі фильмдер көр­сетілді. Мирас АСАН, «Егемен Қазақстан» ҚАРАҒАНДЫ