• RUB:
    5.52
  • USD:
    475.62
  • EUR:
    519.23
Басты сайтқа өту
06 Сәуір, 2011

Сіздің жеңісіңіз – бүкіл Қазақстанның жеңісі!

514 рет
көрсетілді

Аса құрметті Нұрсұлтан Әбішұлы! “KAZENERGY” Ассоциациясы мүшелерінің Қазақстан Республикасы Президентін сайлаудағы ерекше жеңісіңізге орай шын жүректі құттықтауын қабыл алыңыз. Көптеген қазақстандықтар сияқты біздің мұнай-газ және энергетика саласы қызметкерлері мен инвесторлары қауымдастығы Сіздің көп жылғы күш-жігеріңіз бен болашақ жоспарларыңызға қызу қолдау көрсететінін растады. Сіздің терең ойластырылған идеяларыңыз бен көреген іс-қимылдарыңыз іскерлік бастаманы дамыту, халықаралық және жеке инвестицияларды тарту, бүкіл ел мен оның энергетикалық кешенінің сенімді алға басуы үшін Қазақстанның табиғи байлықтарын қазіргі заманғы технологиялармен байланыстырған алып жобалардың дүниеге келуіне қолайлы жағдайлар жасауды қамтамасыз етті. Тәуелсіздік жылдары ішінде тек мұнай-газ саласына салынған қаржының өзі Қазақстанды ТМД мемлекеттері арасында инвестициялық көшбасшы жасай отырып, ондаған миллиард долларды құрады. Осы уақыттар ішінде елдегі мұнай мен газ өндірісі 4 есе өсті, Қазақстанның халықара­лық мұнай рыногындағы үлесі екі есе артты. Атом өнеркәсібі мен энергетиканың өзге де секторлары ырғақты дамуда. Біздің еліміз жаһандық даму үшін ең басты энергия көздерін жеткізіп берушіге айналды, және бұл фактор әлемде әділ түрде Сіздің есіміңізбен байланыстырылады. Сіздің қазіргі жеңісіңіз сол кезеңдерде индустриялық-инновациялық даму Қазақстанның әлемдегі бәсекеге ең қа­білетті елдердің қатарына кіруге жағдай жасайтын онжыл­дық­тың символдық басталуын, сапалы жаңа ахуалды бейнелейді. Халық Сіздің Қазақстанды бизнесі ұлт алдында жауапкершілікте болатын, іскер, әл-ауқатты және білімді азаматтары бар қуатты жоғары технологиялық державаға айналдыру жөніндегі жоспарыңызға қолдау көрсететінін мәлімдеді. Біздің ассоциация, бүкіл энергетикалық және инвестициялық қауымдастық Сіздің саясатыңыздан жаңғыру мен дамудың іргелі мүмкіндіктерін көреді. Біз қазақстандықтардың бүгінгі таңдауының халықтың Сіздің қажырлы еңбегіңізге ізгі ниетті жауабы, Сіздің одан әрі алға басуға шақыруы­ңызға саналы үнқату екеніне сенімдіміз. Сіздің жеңісіңіз – бүкіл Қазақстанның жеңісі!

Құрметпен,

“KAZENERGY” Ассоциациясының президенті

Тимур ҚҰЛЫБАЕВ.