• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Заң мен Тәртіп Бүгін, 15:26

Дәріханаларда жарамдылық мерзімі өткен 750-ден астам дәрі сатылған

0 рет
көрсетілді

Цифрлық таңбалау жүйесі дәрі-дәрмек айналымында бұрын байқалмай келген бірқатар заңбұзушылықты анықтады. Тегін берілуге тиіс препараттардың дәріханаларда сатылуы, бір таңбалау кодын қайта-қайта пайдалану және жарамдылық мерзімі өткен дәрілердің саудаға түсуі соның айғағы, деп жазады Egemen.kz.

Бұл мәселе Денсаулық сақтау министрлігі алаңында ведомство басшысы Ақмарал Әлназарова төрағалық еткен жиында талқыланды. Басқосуға министрліктің вице-министрлері, Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің, «Фармация» өкілдері, сондай-ақ тауарларды таңбалау мен қадағалаудың бірыңғай операторы Қазақтелеком қатысты.

Қазақстанда 400-ден астам жаңа дәрі-дәрмек шығарылады

Жиында дәрілік заттардың қозғалысын бақылауға арналған арнаулы цифрлық платформа таныстырылды. Бұл жүйе дәрінің зауыттан немесе шетелден әкелінген сәтінен бастап, қойма, дәріхана арқылы халыққа жеткенге дейінгі жолын толық көрсетеді. Әр қаптаманың қайда, қашан және кім арқылы өткенін нақты уақыт режимінде көруге мүмкіндік бар.

Дәріханалар неге әлеуметтік маңызы бар дәрілерді сатып алудан бас тартып отыр?

Жүйені сынақтан өткізу барысында көңіл көншітпейтін деректер анықталды. Атап айтқанда, тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі аясында халыққа ақысыз таратылуы тиіс 15 мыңнан астам дәрілік заттың коммерциялық дәріханаларда сатылғаны тіркелген. Сонымен қатар бір таңбалау кодының 6,5 мыңнан астам түрі 385 мың рет қайта пайдаланылған. Бұған қоса, жарамдылық мерзімі өтіп кеткен 750-ден астам дәрі қаптамасы саудаға шыққаны белгілі болды.

Қосылған құн салығы дәрі-дәрмек бағасына әсер етпейді    

Жиын қорытындысында министр цифрлық таңбалау жүйесін күнделікті бақылау құралына айналдыруды тапсырды. Бұл дәрі-дәрмек айналымын ретке келтіруге, бюджет қаржысының ысырап болмауына және ең бастысы, халыққа сапалы әрі қауіпсіз дәрінің жетуіне жол ашуы тиіс.

Соңғы жаңалықтар