дәрі
Қоғам • Кеше
Сенат Спикері: Отандық дәрі-дәрмектің жартысы ғана ДДҰ стандарттарына сай келеді
Қазіргі уақытта Қазақстанның дәрі-дәрмек нарығында отандық өндірушілердің үлесі бар болғаны 10 пайызды құрайды. Тіпті бұл көрсеткіштен де төмендеп барады. Сондай-ақ отандық дәрі-дәрмектің жартысы ғана халықаралық стандарттарға сәйкес келеді. Көңіл көншітпейтін мұндай статистиканы бүгін Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев Палата отырысында айтты, деп хабарлайды Egemen.kz жоғарғы Палатаның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 15 Сәуір, 2024
Сәтбаевтағы бала өліміне дәрігерлер кінәлі ме?
Сәтбаев қаласының тұрғыны Салтанат Байсалбаева осы жылдың наурыз айында 1 жасар жалғыз қызынан айырылды. Бүлдіршін Ұлытау облысындағы қалалық аурухананың реанимация бөлімінде қатты ішек инфекциясы салдарынан қайтыс болды. Анасының айтуынша, дәрігерлер оны құтқару үшін тиісті шаралар қабылдамаған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 14 Сәуір, 2024
Танымал қазақстандық дәрігер Әукен Мәшкеев өмірден өтті
Танымал қазақстандық дәрігер Әукен Мәшкеев өмірден өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 10 Сәуір, 2024
Зардап шеккен өңірлерде дәрі-дәрмек қоры жеткілікті ме? Вице-премьердің жауабы
Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен су тасқыны салдарын жою шаралары бойынша кеңес өтті. Премьер-министрдің орынбасары Тамара Дүйсенова медициналық өнімдер мен дәрі-дәрмек қоры туралы баяндады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 01 Сәуір, 2024
«Көлікте босандырған». Су басқан ауылда егіздер өмірге келді
Ақтөбе облысындағы қарғын су басқан Нұра ауылында егіз қыздар дүниеге келді. Жергілікті дәрігерлер жүкті әйелді ауыл сыртында жедел жәрдем көлігінде босандырып алуына тура келді, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 26 Наурыз, 2024
Танымал балалар дәрігері өмірден озды
Ана мен бала ұлттық орталығының директоры, белгілі балалар дәрігері Бекбай Хайрулин 65-ке қараған шағында өмірден өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Медицина • 18 Наурыз, 2024
Министр медициналық тексерістен кімдер тегін өтетінін айтты
Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова әлеуметтік маңызы бар ауруларға шалдыққан азаматтар медициналық тексерістен тегін өтетінін айтты, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 05 Наурыз, 2024
4 наурыз күні таңертең болған жер сілкінісі кезінде Алматының көпсалалы клиникалық ауруханасының дәрігерлері оталарды тоқтатқан жоқ, себебі, олар үшін қандай жағдай болса да, адамдардың жанын сақтап қалу маңызда болды, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 04 Наурыз, 2024
Маңғыстаулық дәріханада есірткі сатылған
Маңғыстау облысындағы дәріханадан 45 мың қаптамадан астам Тропикамид көз тамшылары табылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Медицина • 16 Ақпан, 2024
Жедел жәрдем жеткізіп үлгермесе де, дәрігерлер баланы ажалдан алып қалды
Алматыда ақ халатты жандардың біліктілігі сыналған оқыс оқиға орын алды. Алматы қалалық Балалар шұғыл медициналық көмек көрсету орталығының (БШМККО) реанимациялық бригадасына екі жасар балаға өздері баруға тура келді.
Қоғам • 05 Ақпан, 2024
Атырау ұландықтары қырағылық танытты
Атырауда психотроптық дәрі-дәрмектерді колонияға әкелу әрекеті тоқтатылды, деп хабарлайды Egemen.kz Ұлттық ұланның баспасөз қызметіне сүйеніп.
Медицина • 05 Ақпан, 2024
Павлодарда мерзімі өтіп кеткен дәрі-дәрмекті ауруханаларға таратқан
Павлодар облыстық прокуратурасы екпе салу науқанындағы жұмыстарды тексеріп, құны 21 миллион теңгеден көп 9,5 мыңнан астам вакцинаны дұрыс пайдаланбау дерегін анықтады, деп жазады Egemen.kz.
Әлем • 29 Қаңтар, 2024
Қытайлық дәрігерлер 7 балдық жер сілкінісі кезінде күрделі ота жасады
Қытайлық дәрігерлер 7 балдық жер сілкінісі кезінде өз міндеттерін тоқтатпаған. Шыңжаң автономиялық ауданындағы «Арал» ауруханасында ақ халаттылар науқастың бас сүйегін ашып, миына хирургиялық ота жасап жатқанда жер сілкінісі болған, деп жазады Egemen.kz 24kz-ке сілтеме жасап.
Қоғам • 24 Қаңтар, 2024
«Ауылға барса, 9 миллион теңге алады». Депутат көтермеақы кімдерге берілетінін айтты
Елімізде ауылдық жерлерде медицина мамандарының тапшылығын шешу үшін қазынадан қомақты қаржы бөлініп, елді мекендерге барған жас дәрігерге қомақты сомада бір реттік көтермеақы беріледі. Мұны Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов айтты, деп жазады Egemen.kz.
Денсаулық • 24 Қаңтар, 2024
Былтыр 108 дәрігер шетелде біліктілігін арттырды
Кадрларды даярлау және біліктілігін арттыру жүйесінің тиімділігін арттыру үшін 2023-2024 оқу жылынан бастап міндетті резидентурамен жалпы оқу мерзімі алты жыл үздіксіз интеграцияланған медициналық білім беру бағдарламасы енгізілді, оны аяқтағаннан кейін бітіруші дәрігер біліктілігін және медицина магистрі дәрежесін алады, деп хабарлайды Egemen.kz Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Әдебиет • 08 Желтоқсан, 2023
Профессор Нұржамал Оралбайқызы атындағы дәрісхана ашылды
Абай атындағы Қазақ педагогикалық университетінде филология ғылымдарының докторы, профессор Нұржамал Оралбайқызының туғанына 95 жыл толуына орай «Қазақ тіл білімі және оқыту әдістемесі: дәстүр және болашағы» тақырыбында республикалық дөңгелек үстел өтіп, профессордың атында дәрісхана ашылды. Айтулы шара Тіл ғылымы зерттеулерін үйлестіру орталығымен бірлесіп ұйымдастырылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Медицина • 01 Желтоқсан, 2023
Белгілі актер, режиссер Сәбит Әбдіхалықов жүрегіне операция жасатудан бас тартып, заманауи әдіспен емделіп жатқанын айтты, деп жазады Egemen.kz.
Медицина • 23 Қараша, 2023
Балаңызда аурудың бұл белгілері байқалғанда дереу дәрігерге қаралу керек - педиатр
Қыстың ызғары сезіліп, күн суыта бастағанда балалар арасында тұмаудың өршитіні белгілі. Аурудың асқынуына ата-ананың дер кезінде сауатты ем-шара жүргізбеуі де әсер етеді. Бала ағзасын салқын температураға бейімдеу, суыққа қарсы иммунитет қалыптастыру маңызды. Қыс келсе баланы қабат-қабат киіммен қымтап, үйде қамап ұстау әдеті қанға сіңген. Бұл қаншалықты дұрыс? Баланың тұмауға қарсы қалқанын дайындауда берілетін базалық дәрумендер жиынтығы қандай? Бала ағзасын қыста өршитін ауруларға қарсы қоюда ата-ана ескеретін алғашқы жаднамаларды жалпы тәжірибелік дәрігер, педиатр-массажист, «Дәрігер - АНА» кітабының авторы, онлайн арқылы мыңдаған анаға ой салып жүрген кәсіби маман Әзиза Әбдірасілқызынан сұрап білдік.
Энергетика • 16 Қараша, 2023
Мажарстан профессоры энергетиканы интеграциялау бойынша дәріс өткізді
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да «Globalia» компаниясының бас директоры, Мажарстан профессоры Габор Шаги «Қазақстанның энергия тізбегіне жаңартылатын энергетиканы интеграциялау мүмкіндіктері» тақырыбында көшбасшылық дәріс оқыды.
Медицина • 06 Қараша, 2023
Ауылға барып жұмыс істейтін жас дәрігерлер 9 млн теңге алады
1 қаңтардан бастап ауылға барып, жұмыс істейтін жас дәрігерлерге берілетін үстемақы мөлшері өседі, деп хабарлайды Egemen.kz Qazaqstan.tv ұлттық арнасына сілтеме жасап.
Денсаулық • 06 Қараша, 2023
Ата-ана ескере бермейтін жайт: Бала жиі ауырмас үшін не істеу керек – дәрігер кеңесі
Бала балабақшаға бармаймын деп қиғылық салса, жиі ауырып қала беретін болса, мінез-құлығында өзгеріс байқалса, демек, мәселе бар деген сөз. Біз әдетте мұның барлығын баланың еркелігіне теліп қоямыз. Оның ішкі жан дүниесіне үңіле бермейміз. Психологиялық һәм медициналық дайындықтың жоқтығынан жаңа ортаға бейімделу өте ұзақ уақытқа созылады. Бұдан шығар жол қайсы? Мамандардан сұрап көрдік.
Денсаулық • 02 Қараша, 2023
Дәрігер кеңесі: Ағзаны суыққа дайындап үлгеріңіз
Қылышын сүйретіп келетін қыстың аязы бетті қарыса да, тоңдырса да жанның жылулығын сақтайды. Бұл – мезгілдің адамға әсері. Десе де қыстың қақаған аязына ағзаны дұрыс дайындаған абзал. Бұл дайындықты күз мезгілінің басынан-ақ бастаған жөн. Себебі, ауру айтып келмейді, оның алдын алу дұрысырақ. Осыған орай Egemen.kz тілшісі ҚР ПІБ Медициналық орталығы ауруханасы Салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының жоғары санатты әдіскер-дәрігері Гүлнар Тұрдыновамен кеңесіп көрді.
Медицина • 30 Қазан, 2023
Алматылық дәрігерлер жағдайы өте ауыр науқасты аяққа тұрғызды
Таяу күндері Алматыдағы №7 Қалалық клиникалық ауруханаға осыдан 10 жылдай уақыт бұрын жамбас буыны алмастырылған пациент өте ауыр жағдайда жеткізілген болатын. Жарақаттың салдарынан цементсіз әдіспен бекітілген протез науқастың жамбас қуысына кіріп кеткен, деп хабарлайды Egemen.kz аурухананың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Экономика • 13 Қыркүйек, 2023
Қазақстанда дәрі-дәрмек 10 пайызға қымбаттады
2023 жылғы қаңтар-шілде айларында негізгі фармацевтикалық өнімдер мен препараттар өндірісі бір жыл бұрынғы 90,7 млрд теңгемен салыстырғанда 86,7 млрд теңгені құрады. Ақшалай көрсеткіштің жылдық төмендеуі - 4,4%. Бұл туралы Egemen.kz energyprom.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Қоғам • 01 Қыркүйек, 2023
Блогер салық төлейді, дәрігер мен тәрбиешінің жалақысы артады
Бүгіннен бастап елімізде блогерлер салық төлеуге міндетті болады. Үйінде ит-мысық асыраушыларға үй жануарын тіркеу талабы қойылады. Дәрігерлер мен балабақша тәрбиешілерінің жалақысы артады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 18 Тамыз, 2023
Шахтадағы өрт: дәрігерлер зардап шеккендердің жағдайы туралы айтты
Дәрігерлер «АрселорМиттал Теміртау» АҚ Көмір департаментінің «Қазақстан» шахтасындағы өрт салдарынан ауруханаға жатқызылған алты адамның жағдайы туралы айтты, деп жазады Egemen.kz.
Егемен Қазақстан • 02 Тамыз, 2023
Журналистер саябағында жас журналистерге арналған дәріс өтті
Астанадағы «Егемен Қазақстан» газеті көшесінде орналасқан Журналистер саябағында жас журналистерге арналған шеберлік дәрісі өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Медицина • 17 Шілде, 2023
Алғашқы көмек: дәрі-дәрмек қобдишасында не болуы қажет?
Денсаулық сақтау министрлігі үлкен функционалдылық пен қолжетімділікті ескере отырып, медициналық алғашқы көмек көрсету үшін дәрі-дәрмек қобдишасының құрамын жаңартты, деп хабарлайды Egemen.kz ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Медицина • 11 Шілде, 2023
Астанада үздік дәрігерлер марапатталды
Nomad City Hall театрында елордалық денсаулық сақтау саласының 25 жылдық мерейтойы мен медицина қызметкерлері күніне арналған салтанатты шара өтті, деп хабарлайды Egemen.kz қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Әлем • 04 Шілде, 2023
Жапониялық ғалымдар жаңа тістерді шығаратын дәрі ойлап тапты
Жапон ғалымдары инновациялық препаратты ойлап тапты. Бұл тістердің үшінші жиынтығын өсіруге мүмкіндік береді. Клиникалық сынақтар бір жылдан кейін басталады, деп хабарлайды Egemen.kz.