Фото: ашық дереккөз
– «Қазақстан» шахтасында зардап шеккен екі адам Мақажанов клиникасына жеткізілді. Қабылдау бөлімінің дәрігерлері науқастардың жағдайын тексерді. Алдын ала диагноз – шахта газдарымен жедел ингаляциялық улану, оның ішінде ауыр көміртегі тотығымен улану, токсико-гипоксиялық энцефалопатия, уытты бронхит. Олар реанимация бөлімшесіне жатқызылды, - деді токсикология бөлімшесінің меңгерушісі, Қарағанды облысының бас штаттан тыс токсикологы Сәуле Смағұлова.
Сонымен қатар Шахтинск орталық ауруханасына жеткізілген кеншілердің төртеуіне алғашқы көмек көрсетілген. Алдағы уақытта оларды Мақажанов клиникасының токсикологиялық бөлімшесіне ауыстыру жоспарланып отыр.
Еске салайық, 17 тамызда сағат 10:05-те шахтада конвейер таспасы өртенді. Оқиға болған кезде жер астында 227 адам болды, оның 222-сі жер бетіне көтерілді. Бесеуін іздестіру жалғасуда.